Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/2-VIII "2025-2027 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 33/2-VIII шешімі

Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/2-VIII "2025-2027 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 33/2-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.

       Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/2-VIII "2025-2027 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

 

       1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

       "1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

      1) кірістер – 8 851 360,0 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 6 035 978,0 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 23 220,0 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 136 705,0 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 2 655 457,0 мың теңге;

      2) шығындар – 8 927 204,1 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 150,0 мың теңге, оның ішінде:

      бюджеттік кредиттер – 40 521,0 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 34 371,0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

      қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -81 994,1 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 81 994,1 мың теңге, оның ішінде:

      қарыздар түсімі – 39 320,0 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 34 371,0 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 77 045,1 мың теңге.";

       көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешiм 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы

Г. Акулов

   
Дата публикации
29 июля 2025