Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10,19 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Шемонаиха аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шемонаиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері 1 қосымшаға сәйкес құрамда сайлансын.
  2. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері 2-32 қосымшаларға сәйкес құрамдарда сайлансын.
  3. Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші 33 қосымшаға сәйкес жойылсын.
  4. Жаңадан сайланған комиссияларға бірінші отырысты олар қалыптастырылғаннан кейін жеті күн мерзімінен кешіктірмей өткізу ұсынылсын.
  5. Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы шешім, олардың құрамы мен орналасқан жері бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлансын.
  6. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
27 декабря 2023