Құрметті депутаттар және сессияға қатысушылар
Шемонаиха аудандық мәслихатының есепті кезеңдегі қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Регламентке, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімі аппаратымен, аудандық басқармалар және бөлімдермен, Әділет министрлігі және департаментімен, заңнама және құқықтық ақпарат институтымен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен және аудан тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылады.
Биыл аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының тармақтарын іске асыруға бағытталды. Депутаттар Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді түсіндіру жөніндегі жұмысқа белсене кірісті. Сондай-ақ, депутаттар жыл басынан бері ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамында аудан тұрғындарымен кездесулерге қатысады. Бізбен Президенттің ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Халықпен кездесулер оң нәтижелерін беруде. Олардың нәтижелері бойынша әкімдікпен бірлесіп нақты елді мекеннің белгілі бір проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалады.
Халықпен көшпелі кездесулерге депутаттардың қатысулары жалғасуда. Ауданның өзекті мәселелерін анықтауға және шешуге осындай кездесулер қажет деп ойлаймын, сондықтан депутаттарды осындай іс-шаралардың белсенді қатысушылары болуға шақырамын.
Депуттар азаматтарды жеке сұрақтары бойынша жылдың басында құрылған және аудандық мәслихаттың сайтында жарияланған кесте бойынша қабылдайды.
Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мәслихат депуттарымен 144 адам қабылданды, сайлаушылармен 75 кездесу өткізілді. Өз сайлаушыларының өзекті мәселелерін депутаттар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешеді, сұраныстар жібереді, тұрақты комиссиялардың отырыстарында және сессияларды талқылайды.
Ең өзекті мәселелерді талқылау және шешу үшін депутаттардың ұсынысымен тұрақты комиссияларға мемлекеттік органдардың, құқыққорғау органдарының басшылары және т.б. шақырылады.
Сайлаушылардың мәселелері өмірдің барлық салаларын қозғайды: медициналық қызмет көрсету, мектептерді жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, интернет байланысын орнату, тұрғын үй салу, көшелерді жарықтандыру және т.б. Сондай-ақ депутаттар жеке мәселелерді де шешеді: қиын отбасылық жағдайға байланысты материалдық көмек көрсету немесе емделуге қаржылық көмек көрсету туралы, мәселелердің бір бөлігі жұмысқа орналасуға және оқуға қатысты т.б. мәселелер. Депутаттар ағымдағы жылдың 11 айында 1,5 миллион теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетті.
Аудандық мәслихат депутаты Ержан Мейрамұлы Дакиев Семей қаласының балалар үйі мен Аягөз балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балаларына көмек көрсетті.
Сондай-ақ, Ержан Мейрамұлы жаңа жылдық мерекелер қарсаңында жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар дайындайды. Ауданда өткізілетін спорттық іс-шаралардың демеушісі болып табылады, жақында баскетболдан облыстық турнир өтті, онда оларға жеңімпаздарды марапаттау үшін қаражат бөлінді.
Депутат және кәсіпкер Сергей Журавлев 9 мамырда шемонаихалықтарға керемет сыйлық жасады, ол 200-ге жуық азаматты нағыз сарбаз ботқасымен тамақтандырды.
Депутат Сизиков Борис Сергеевич пен Сағандықов Серік Орынғазыұлы халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрақты негізде материалдық көмек көрсетеді. Мұндай мысалдар көп.
Өткен кезеңде сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін депутаттар түрлі органдарға 21 сауал жолдады. Депутаттар шешетін мәселелердің ауқымы кең: бұл - медициналық қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік маңызы бар объектілерді жөндеу, жолдарды күтіп ұстау және жөндеу, аулалар мен балалар алаңдарын абаттандыру, ауыл шаруашылығын дамыту, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту және т. б.
Мәслихат сессиясы мәслихат қызметінің негізгі нысаны болып табылады. Шақыру басталғаннан бері Аудандық мәслихаттың 26 сессиясы өткізілді, оның 10 сессиясы биыл өткізілді. Оларға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет қаражатын ұтымды, мақсатты және тиімді пайдалану мәселелері, бюджеттің атқарылуы туралы аудан әкімінің есебі, оған жүктелген функциялар мен міндеттер қаралды, депутаттар алдында аудандық бөлімдердің басшылары есептер мен ақпараттармен сөз сөйледі. Сессиялардың күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша 75 шешім қабылданды. 11 шешім әділет органдарында тіркелді, 29 шешім нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланды.
Жетінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттары екі тұрақты комиссияда жұмыс істейді. Тұрақты комиссиялардың 12 отырысында 5 қаулы қабылданды. Есепті кезеңде тұрақты комиссиялар мәселелерді қарады:
жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету және оларды ауданның қоғамдық өміріне тарту жөніндегі жай-күй мен шаралар туралы,
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау туралы,
Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімінің жұмысы туралы,
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебі,
Шемонаиха қаласының санитарлық жағдайы мен абаттандырылуы туралы.
Сондай-ақ комиссия отырыстарында мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына байланысты жағдайлар мен себептерді анықтау және азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселе талқыланып, қаралды.
Депутаттар Конституцияны өзгерту және Қазақстан Республикасының Президенттігіне таңдау бойынша референдум өткізуге белсенді қатысты. Сайлау учаскелерінде бақылаушылар болды. Патриоттық ұстанымы және жалпыұлттық референдум өткізуді ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін депутаттар ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталды: Е.И. Шабанова, В.И. Алифанов, В.И.Геберт, Е.М.Дакиев, С.О. Сағандықов, Б.С. Сизиков.
Біз, депутаттар Е.И.Шабанова, С.О.Сағандықов және мен ҚР Президентінің ұлықтау рәсіміне қатыстық. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Біздің ортақ мақсатымыз – заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін әділетті Қазақстанды құру. Алдымызда атқаратын көп жұмыс бар. Әрбір азамат елдің болашағы үшін өз жауапкершілігін сезінуге тиіс» деп белгіледі.
Құрметті қатысушылар! Аудандық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашықтық режимінде өткізіледі. Мәслихат сессиялары онлайн режимінде эфирге шығады. Сессия жұмысына мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, қоғамдық және үкіметтік емес бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы туралы халықтың хабардар болуын жақсарту үшін аудандық мәслихаттың ресми сайтының жұмысы жүргізіліп отыр.
Аудандық мәслихат депутаттары өз қызметін депутаттық фракцияда жүзеге асырады. Жергілікті жерлерде депутаттар ақпараттық-түсіндіру топтарының белсенді мүшелері болып табылады, ҚР Президентінің Жолдауларын және басқа да маңызды мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге қатысады. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімдігі жанындағы негізгі консультативтік-кеңесші органдардың құрамында ұсынылған. Әкімдердің депутаттық корпуспен тығыз жұмыс істеуі өзара хабардарлықты жақсартуға, өткір мәселелерді шешуге, өзара түсіністікке қол жеткізуге және проблемаларды шешу жолдарын табуға ықпал етеді.
Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің жұмысы нәтижелі депутаттық қызметті қамтамасыз етуге бағытталған. Аудандық мәслихат аппараты өз жұмысын адал, кәсіби және жауапкершілікпен орындайтын мамандар ұжымымен ұсынылған. Өздеріңіз білетіндей, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты мәслихат депутаттарының енді жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында біліктілігін арттырудан өту мүмкіндігі бар. Мәслихат аппаратымен биылғы жылы депутаттардың біліктілігін арттыруға арналған шығыстар жоспарланып, облыс бойынша Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» оқыту бағдарламасы келісілді. Бүгінгі таңда барлық депутаттар офлайн режимінде оқудан өтті.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауында «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» жүйесі бойынша құрылатын жаңа Қазақстанды құру идеясын дамытты. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған ең төменгі жалақының мөлшерін арттыруға, әйелдер үшін зейнеткерлік жасының өсуінің төмендеуіне, бала күтімі бойынша жәрдемақылар мерзімін ұзартуға, оқуға жеңілдікті несиелер беруге және т. б. қатысты әлеуметтік пакет бәрін қуантты деп санаймын.
Өзгерістер елдің саяси өміріне де әсер етеді. 2023 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді.
Келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс пен мәслихатқа сайлау өтеді. Өздеріңіз білетіндей, аудандық мәслихаттардың депутаты бір мандатты округ бойынша сайланады. Бұл жаңалық халықтың мүдделерін ұсынатын жергілікті өкілді органдар жұмысының тиімділігін арттырады.
Біз, депутат, алдағы уақытта халықпен байланысты нығайтып, әлеуметтік мәселелерді жедел әрі тиімді шешетін боламыз. Алдағы қызметімізде біз, ең алдымен, мемлекеттің барлық мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының алдына қойған басты міндетін негізге алатын боламыз. Мәслихаттар мен әкімдіктер тығыз араласып, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға және Қазақстанымыздың дамуына бағытталған ортақ мақсаттарға қол жеткізуде сенімді серіктес болады.
«Бірлесе көтерген жүк жеңіл», сондықтан жергілікті өкілді органдар атқарушы органдармен бірлесіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында алдыға қойған міндеттерді абыроймен атқаруға бар күш-жігерімізді саламыз.