Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/18-VII «Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттары:
қарыз сомасынан 10%, бірақ әлеуметтік көмек түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
қарыз сомасынан 10%, бірақ әлеуметтік қолдау түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
толық емес отбасылар.».
|
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы |
|
М. Желдыбаев |