«Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

 

 

ЖОБА
     

 

«Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік

әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 - бабы 3 - тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 33 - бабының 5 - тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы»  бұйрығына сәйкес (нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

         1.  Қоса беріліп отырған «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

  1. Шемонаиха аудандық мәслихатының «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 29 наурыздағы № 23/5-VІ шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-177 тіркелген).
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Шемонаиха аудандық

         мәслихатының хатшысы                                           М. Желдыбаев

Дата публикации
25 февраля 2022