Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) «Сот шешімімен Шемонаиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 16 қазандағы № 17/8-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5270 болып тіркелген);
2) «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қазандағы № 17/8-VI «Сот шешімімен Шемонаиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешімінің қолданылуын тоқтату туралы» 2020 жылғы 12 маусымдағы № 53/6-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген).
|
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы |
|
М. Желдыбаев |