Құрметті депутаттар және қатысушылар!
Ағымдағы жылдың басында өткен жергілікті өкілді органдарға сайлау елімізде алғаш рет жаңа форматта өтті, яғни Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес мәслихаттарға депутаттар партиялық тізімдер бойынша сайланды. Сондай-ақ, тәжірибеге алғаш рет өкілетті органдарға әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерге 30 пайыздық квота енгізілді. Биылғы жылы өзгерістер аудан мәслихаты депутаттарының сандық құрамына да қатысты болды, атап айтқанда партиялық тізімдер бойынша Шемонаиха аудандық мәслихатының құрамына 12 депутат сайланды (алтыншы шақырылымда 14 депутат жұмыс істеді).