GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Бөлім туралы
Все материалы
09 октября 2026
Ұстаздар күні құтты болсын!

Ұстаз – ұлы есім

Шемонаиха ауданында Ұстаздар күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті.

Бұл күні білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы маңызды рөлі мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі атап өтілді.
Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік, жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыратын тұлға.
Мерекелік кеш барысында білім саласының үздік өкілдері марапатталып, ардагер ұстаздарға да ерекше құрмет көрсетілді. Қызыл кілеммен қарсы алу, жылы лебіздер мен мерекелік бағдарлама ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Барша ұстаздарға еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін!

Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс және шәкірттеріңіздің жетістіктеріне қуана берулеріңізді тілеймін!

Ұстаздар күні құтты болсын!

09 октября 2026
«Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалі

8 қазанда Өскемен қаласында «Тең мүмкіндіктер»  балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті № 5 ЖББОМ КММ. А. Байтұрсынова құрметті 3 орын алды. Құттықтаймыз!!!

17 сентября 2026
Мобильді қосымша!!! Есірткі туралы хабарла!
31 декабря 2024
Мектеп инфрақұрылымын жаңартудың оқу процесіне оң әсері

Жыл қорытындысы бойынша елімізде 200 мыңнан астам оқушы орны құрылды. Оның ішінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 23 нысан бар. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен – 126 мектеп.

➡️

 Бұрын-соңды болмаған мектеп салу шаралары үш ауысыммен байланысты проблемаларды айтарлықтай қысқартты. Бүгінде елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сонымен қатар 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті, 967 мектеп үшін 1621 заманауи пәндік кабинет (робототехника, химия, биология, физика, STEM) сатып алынды. 1 мың ауылдық мектеп жаңғыртылды. 10 мыңнан астам білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы арттырылды.

⚡️

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беруді цифрландыру процесін жеделдету бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша интернет жылдамдығы мектептердің 19%-дан 90%-ға дейін ұлғайды. Қазақстандық мектептерде сапалы интернет көрсеткіші 3 есеге артты. Бұл ретте мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды және 11 платформада қолжетімді.

🔷

 Астана, Маңғыстау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының 215 мектебінде тиісті санаттағы балаларды тегін тамақтандыруға арналған «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске асырылуда.

31 декабря 2024
Елімізде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды

Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі таңдай алады және баланың білім алуына қажетті қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, баланың артынан таңдалған мекемеге берілетін болады. Мұндай механизм жекедегі және мемлекеттік балабақшалар арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған. Өйткені олардың басшылығы мүмкіндігінше көбірек бала тарту үшін білім беру сапасын арттыруға және білікті тәрбиешілерді жұмысқа алуға мәжбүр болады.

🗺

 Қазіргі уақытта бұл механизм Қазақстанның төрт қаласында – Таразда, Шымкентте, Түркістанда және Оралда пилоттық режимде енгізілген. Алдағы уақытта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда.

⏩

 Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 4,2 мыңнан астам консультациялық пункт жұмыс істейді. Бұл тармақ балаларды тәрбиелеу мен дамытуға маңызды көмек көрсетеді, оларды оқыту мен мектепке дайындаудың тең бастапқы жағдайларын қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы 328 мыңнан астам ата-ана мен балаға әдістемелік және педагогикалық қолдау көрсетілді.

21 августа 2024
ScreenReader

https://screenreader.tilqazyna.kz/ 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) жобасын іске асырды.
Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабына сәйкес ақпарат иеленушілер интернет-ресурстардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жүргізілген жұмыс туралы ақпаратты 2024 жылғы 30 тамызға дейін қосымшадағы кестеге сәйкес ұсынуды сұраймыз.

09 августа 2024
2024 жылдың 12 тамызынан бастап Шығыс Қазақстан облысында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау басталады.

Құрметті ата-аналар!

 

2024 жылдың 12 тамызынан бастап Шығыс Қазақстан облысында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау басталады.

Бос орындар balabaqsha.snation.kz порталында жарияланады:

- 12.08-14.08.2024ж. аралығында – мәртебелі қолжетімділікте;

-  15.08.2024ж.-дан  – жалпы қолжетімділікте.

Ата-аналар мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы электронды жолдаманы balabaqsha.snation.kz порталында дербес алады. Жолдама 5 жұмыс күн жарамды. Сіздің балаңыз 5 жұмыс күні ішінде медициналық тексеруден өтуі керек.

Осыдан кейін balabaqsha.snation.kz порталы арқылы қажетті құжаттарды тіркей отырып «Балабақшаға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» қызметіне өтініш беру керек:

   - № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;

   - № 052-2/у нысандағы «Бала денсаулығы паспорты»;

   - № 027/е нысанындағы анықтама;

   - ПМПК қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) электронды көшірмесі;

   - әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

   - ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).

 

12 июля 2022
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» балабақша-бөбекжайы» КМҚК келесі мекен-жай бойынша мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі лауазымына жеті орынға конкурс жариялайды

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» балабақша-бөбекжайы» КМҚК келесі мекен-жай бойынша мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі лауазымына жеті орынға конкурс жариялайды. Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, А.Капоринкөшесі,  47/1, анықтама телефоны 3-04-62, электронды мекенжай akbotashem@mail.ru

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері: Балаларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып олардың денсаулықтары мен өмірлерін сақтауды қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудыңжалпығаміндетті стандарты талаптарына, әр жас ерекшелігінесай Үлгілік оқу жоспарына сәйкес құрылған мекеменің ұйымдастырылған оқу әрекетінің кестесі несай педагогикалық үдерістіжүзегеасыру, заттық даму орталығынқұру, балалардың әрекетіне басшылықету (ойын, танымдық, қимыл, бейннлеу, еңбек).

Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталғант әсілді жүзеге асырады.

Дамуында ауытқулары бар балалар мен түз ету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім алу қажеттіліктерінескере отырып тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды.

Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды.

Мектеп кетүсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және әдеттедамып кележатқан балаларды бірлесіп тәрбиелеу және оқыту жағдайында әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

Мамандарды ңұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді.

Отандық және шетелдік тәжірибенізерттеу негізінде үздік тәжіри белерді зерттеу, жалпылау, тарату және енгізу мен айналысады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды.

Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуы мен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасы ненгізеді.

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққақар сыіс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативті кқұқықтық актілерін;

Психология және педагогика, дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялық қағидалар;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойыл майды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеушікемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымында кемінде 5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.

Лауазымдық жалақы 129 500 теңге дейін  224 000 теңге.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзегеасырылады.

Құжаттар тізімі:

1) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы"ҚР БҒМ бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – (ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (ҚР БҒМ "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы"бұйрығы).

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы