
2020 жылғы 14 шілдеде шекарашылар көлік құралдарын заңсыз өткізу әрекетінің алдын алды.
«Айша бибі» өткізу пунктінде Тәжікстан мен Қырғызстанға кетіп бара жатқан халық тұтынатын тауарлары артылған 2 жүк автомашинасы толық тексерілді, онда жүктің арасына ілеспе құжаттары жоқ 13 мотоцикл және 2 квадроцикл жасырылған болып шықты.
Ұсталған мототехника партиясы Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.
Осы айдың басынан бастап көлік құралдарын Қазақстан-Қырғызстан Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізудің бұл бірінші әрекеті емес екенін атап өту керек.
ҰҚК баспасөз қызметі