20 кг астам есірткі заттарын ұсталды

20 кг астам есірткі  заттарын ұсталды

2020 жылғы 16 шілдеде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай ауданы ПБ есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл тобымен бірлесіп, «Ауди-100» маркалы автомашинаны ұстады. Оны қызметтік итті қолданумен  толық тексеру барысында жүк бөлігінде скотчпен оралған белгісіз өсімдік заты бар екі түйіншік табылып, алынды.

Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 
20 кг 575 гр 120 мг «кептірілген түрдегі марихуана» есірткі заты болып табылатыны анықталды.

Ұсталғанға қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҰҚК баспасөз қызметі