
2020 жылғы 15 шілдесінде қазақстандық шекарашылар "Қарасу" автокөліктік өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) ілеспе құжаттары жоқ 23 инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратын (ИӨЖЖ) және 11 тонна этил спиртін Қазақстанға әкелуге жол бермеді.
Заңсыз әкелу үшін ұйымдастырушылар ИӨЖЖ аппараттарын халық тұтынатын тауарлар арасында жасырып, этил спирті ілеспе құжаттарда "қолға арналған гигиеналық құралдар" ретінде көрсетілген.
Ұсталған ИӨЖЖ аппараттары мен этил спирті Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне берілді.
Аталған өткізу пунктінде медициналық бұйымдар мен спирттік өнімдерді заңсыз әкелу (алып өту) әрекеттерінің бірнеше рет жолын кесті.
ҰҚК баспасөз қызметі