
2020 жылдың 15 маусымында қазақстандық шекарашылар "Жаңа жол" автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік қазақстан облысы) 68 млн.теңгеден астам жалпы сомасы медициналық қолғаптардың ірі партиясын заңсыз әкетуге жол бермеді.
Қазіргі уақытта Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері осы санаттағы тауарларды Қазақстан аумағынан заңсыз әкетуге жол бермеу бойынша өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағытталған.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі