
ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 17 мамырда ҰОС еске алу акциясы шеңберінде «Жеңіс эстафетасы» символын Өзбекстандық әріптестерінен қабылдады. «Жеңіс эстафетасы» символы бұған дейін Ресейдің және Қырғызстанның сыртқы шекаралары бойымен жүріп өткен болатын.
Қазақстан аумағында символ эстафетасын Бейнеу аудандық шекаралық басқармасының әскери қызметшілері МИ-8 тікұшағының экипажына тапсырғаннан кейін Қарақия аудандық шекаралық басқармасына беру үшін Ақтау қаласына жеткізілді.
Іс-шара Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан шекарашылардың мемориалына гүл шоқтарын қою және естелік суретке түсу рәсімімен жалғасын тапты.
Жеңіс символын 2020 жылғы 18 мамырда Жағалау күзеті бірінші дивизионының эстафета тобына тапсыру жоспарлануда. Одан әрі символ Әзербайжандық әріптестерге тапсырылатын болады.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі