Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 7-ші аймақтық отырысының өткізілуі туралы

Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 7-ші аймақтық отырысының өткізілуі туралы

2023 жылғы 16 наурызда Алматы қаласы ҰҚК Шекара Академиясында ТМД елдерінің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 7-ші аймақтық отырысы өтті. 

Іс-шара ТМД елдерінің сыртқы шекараларындағы, әсіресе Орталық Азияның оңтүстік шептеріндегі қалыптасып отырған тәуекелдер шеңберінде терроризм мен экстремизм қатерлеріне қарсы тұру мәселелеріне арналды.

Отырысқа ШӘҚК Үйлестіру қызметінің аясында Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерінің шекаралық ведомстволарының басшылары қатысты.

Сонымен қатар, ТМД-нің Терроризмге қарсы орталығы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы басшылары да қатысты.

Отырыс барысында терроризм және экстремизммен күрес бағытындағы 2023-2025 жылдарға арналған ТМД елдері ынтымақтастығының бағдарламасын іске асырудағы шекаралық ведомстволардың, сонымен қатар ТМД елдері қатысушыларының Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 10-шы кездесуінің (Мәскеу қаласы, 2022 жылғы қараша) нәтижесі бойынша қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұруға қатысты берілген Ұсыныстар маңызы аталып кетті.

Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 7-ші аймақтық отырысының нәтижесі бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі