
ҚР ҰҚК Шекара қызметі шетел азаматтарының жалған құжаттарды пайдалану деректерін анықтауды жалғастыруда.
2023 жылғы 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталды.
Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттары анықталды.
Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі