ҚР-дан заңсыз шығудың жолын кесу туралы

ҚР-дан заңсыз шығудың жолын кесу туралы

2022 жылғы 29 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаментінің «Шарбақты» (автомобильдік) өткізу пунктінде шекарашылар Ресей Федерациясына бөтен құжатпен өтпекші болған ҚР азаматын анықтады.

Тексеру іс-шаралары барысында құжатты ұсынған адамның сырт келбетіндегі анатомиялық ерекшеліктерінің құжаттағы фотосуретпен сәйкес келмейтіндігін байқалды. Белгілі болғандай, аталған құжат оның егіз бауырына тиесілі болып шықты.

Осы әрекетімен ол өзіне қатысты азаматтық сот ісінің жүргізілуіне байланысты елден шығуға қойылған шектеуді айналып өтпек болған.

Тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі