Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының бұйрық жобасына (бұдан әрі – жоба) БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының бұйрық жобасына (бұдан әрі – жоба) БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ұсынылған жоба Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағының негізінде әзірленді.

Жоба құқықтық актінің нормасын қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда «Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындар» жаңа ұғымын реттеуге қатысты, 2013 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 22-1 бабына сәйкестендіруге бағытталған түзетулер енгізуді қарастырады. Бұл нормаға сәйкес Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді жүзеге асыратын басқа орындарда  жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, жоба, инспекциялық-тексеріп қарау кешенін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк автокөлік құралдарының шанақтарында және тіркемелерінде өткелді қамтамасыз етуді қарастырады. Ұсынылған түзету, жүк көлік құралдарында жасырынуға талпынған, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі бұзушыларын анықтауға және ұстауға бағытталған.

Бұл норманы қосу кажеттілігі бақылаусыз көші-қон процесстері, тауарлардың елдің сыртына бақылаусыз шығарылуы, сонымен қатар көлеңкелік экономика сияқты ұлттық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлерімен шартталған.

Аталған норманы енгізу нәтижесінде шекарада бақылаудан өту уақытын қысқартуға және шекарадан өтуге шектелген немесе тиым салынған адамдардың, тауарлардың жүк бөлігінде алып өту қаупін төмендетуге оң әсерін тигізеді, сонымен қатар адал емес тасымалдаушыларды анықтауға және кәсіпкерлердің шекарада тексеруге беру үшін тауарларды түсіруге шығыстарын азайтуға жол береді.

Оның үстіне бұл норма тек қана инспекциялық-тексеру кешенімен жабдықталмаған өткізу пункттеріне қатысты болатынын және тауарлардың еркін өтуі бойынша ЕАЭО туралы шарттың 25 бабы 1 тармағының 5 тармақшасында көрсетілген талаптарға қайшы келмейтінін атап өтеміз.

Сонымен қатар аталған сұрақтың шешілуі сыртқы-экономикалық әрекеттерге қатысушылар үшін негізгі қиыншылықтарды жасайтын және заңды бекітілген, шекарадан өткізу пунктінде қолданыстағы Ресей Федерациясы шекаралық бақылау органдарымен қиыншылықтарды шешуге мүмкіндік береді.

Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға немесе жағымсыз құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.

Нормативтік құқықтық актілерді әзірленіп жатқан жобаларға сәйкестікке келтіру қажеттілігі жоқ.

Жоба ашық нормативті-құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған.