
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы Заңымен Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізілді.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен (бұдан әрі – Шекара қызметі) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін анықтайтын, өзінің күшімен мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін және дербес нормативті құқықтық акті есебінде стандартын жоятын заңға тәуелді нормативті құқықтық актіні құру және бекіту қажеттілігі туындады.
Мазмұндалған есебінен Шекара қызметімен, келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылатын:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 мамырда № 11146 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 маусымда №11504 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы дайындалды.
Жобаның қабылдануы қаржылық шығындарын немесе жағымсыз құқықтық салдарын туғызбайды.
Нормативті құқықтық актілерді дайындалып отырған жобаға сәйкестендіру қажет етілмейді.