Ақша қаражатын заңсыз әкетуді болдырмау туралы

Ақша қаражатын заңсыз әкетуді болдырмау туралы

2022 жылғы 27 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаменті «Жайсаң» (автомобиль) өткізу пунктінде тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде ақшалай қаражатты шетелге заңсыз әкету әрекетін анықтады.

304000 (үш жүз төрт мың) АҚШ долларын құрайтын валютаны автомобильдің жүксалғышындағы қосалқы доңғалақтың астына жасыруға тырысқан шетелдік азамат ұсталды.

Материалдар құзыреті бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ақша қаражатын әкету (он мың АҚШ долларынан астам) және оларды декларациялау кезінде заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

 

 

 ҚР ҰҚК баспасөз қызметі