Қытай шекарасындағы өткізу пункттерін жабу бойынша

Қытай шекарасындағы өткізу пункттерін жабу бойынша

Қытай Халық Республикасында жаңа жыл мейрамының тойлануына байланысты 2020 жылғы 22 қаңтар – 2 ақпан аралығында «Қорғас» Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығы, 24-26 қаңтар аралығында «Нұр жолы», «Достық» (авто), «Көлжат», «Бахты» «Майқапшагай» тексеріп өткізу пункттері уақытша жабылады.

Тек «Алтынкөл», «Достық» теміржол өткізу пункттері үздіксіз жұмыс істейді. Сапарларыңыз сәтті болсын!

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі