
Кеше Қорғас шекаралық бақылау жасағының «ШЫХО» шекаралық бақылау өткізу пунктінің шекара наряды 1979 жылы туған ҚР азаматын ұстады. Аталған азаматты тексеру барысында сумкасынан табылған, декларацияланбаған 30 000 АҚШ доллары, 51 500 Қытай юаны ақша қаражаттарын заңсыз алып өтпек болғаны белгілі болды. Ұсталған қаражат кедендік бекет қызмекерлеріне тапсырылды.
Павлодар шекара жасағының «Үрлітөбе» шекаралық бақылау өткізу пунктінің шекара наряды ҚР-дан РФ-ға «Ауди» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1959 жылғы ҚР азаматын ұстады. Аталған азаматтың көлігінің ішін тексеру барысында «ОСА» маркалы травматикалық тапаншаның табылуы ұстауға себеп болды. Аудандық полиция бөлімінінің қызметкерлеріне тапсырылды.
Ақтөбе шекара жасағының «Жайсан» шекаралық бақылау өткізу пунктінің шекара наряды 1994 жылы туған Татарстан Республикасының және 1964 жылы туған ҚР азаматтарын ұстады. Татарстан азаматы «Ташкент – Челябинск» бағытындағы пойызбен шекарадан заңсыз алып өтпек болған, алдын ала болжам бойынша «пайыз торғай» тұқымдас қорапқа салынған екі құстың иесі болып шықты. Ал 1964 жылы туған ҚР азаматы «Скания» жүк автокөлігімен ҚР-дан РФ-ға «Митсубиси Паджеро» маркалы автомашинасын шайдың қораптарының астына жасырып, ілеспе құжатсыз заңсыз алып өтпек болғаны ұстауға себеп болды. Мартөк аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі