Браконьерлікке тосқауыл

Браконьерлікке тосқауыл

2022 жылғы 13 маусымда шекарашылар Мемлекеттік шекараны күзету қызметі барысында Жетісу облысы Сарқан ауданының «Сарқан» шатқалы ауданында Қазақстан Республикасы азаматының басқаруындағы «Ауди» автомашинасы тоқтатылды.

Көлікті тексеру кезінде 33 дана «бозғылт гүлді рябчик» Қызыл кітапқа енген өсімдіктің тамыры табылды.

«Рябчик бледноцветковый» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен  өсімдіктердің жойылып кету қаупі бар түрлеріне жатқызылған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Жыртқыш пайдалану салдарынан дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры таусылуда» екенін атап өткен.

Табиғатты қорғайық!

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі