Донор күні-2019

Донор күні-2019

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі 2456 әскери бөлімінің аумағында 2019 жылғы 31 қазанда жылдағы дәстүр бойынша донор күні ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық трансфузиологиялық ғылыми-өндірістік орталығының мамандарына 50 әскери қызметші өз еріктерімен донорлық қан тапсырды.  Іс-шараға Шекара қызметінің Әскери-медициналық басқармасы мұрындық болды. Шекаршылардың бұл іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты халықтың денсаулығына үлес қосып, ауыр науқастардың сауығып кетуіне «Қарлығаштың қанатымен су сепкендей» - болса да қолдан келген көмектерін көрсету болып отыр.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі