4000 данаға жуық қымбат бағалы телефондарды заңсыз алып кірмек болған

4000 данаға жуық қымбат бағалы телефондарды заңсыз алып кірмек болған

28 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы тауарына ешқандай рұқсат құжаттарын көрсете алмады. Көрші мемлекеттен біздің елімізге қарай келе жатқан азаматтың жекеменшік «ДАФ» автокөлігін арнайы техникалық құралдар көмегімен тексеру барысында шекарашылар жалпы саны 3865 дана әр түрлі маркалы (Iphone 906 дана, әр түрлі модельді Samsung – 2310 дана, Redmi – 205 дана, Huovei – 380 дана, Vertu – 64 дана) қымбат бағалы ұялы телефондарды тауып алды.

Автокөлік жүгімен бірге экономикалық қылмыстарды тексеру департаментіне тапсырылды.

 

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі