
Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен әскери құралымдарының жауынгерлік дайындығын арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті теңіз бөлімшелерінің күнделікті қызметті ұйымдастыруы және кемелер мен катерлерді ұрысқа және жорыққа дайындығын тексеру бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Жауынгерлік тапсырмаларды орындау мақсатында шекара кемелерінің экипаждары бірлесіп жүзу оқу-жаттығуларын өткізіп, түнгі және күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда теңіз және жағалау нысандары бойынша артиллериялық оқ ату кешені орындалды.
Жеке құрамның алдына қойылған міндеттер толық көлемде және сәтті орындалды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі