«Желқуар» автокөлік өткізу пункті арқылы өту қайта жанданды

«Желқуар» автокөлік өткізу пункті арқылы өту қайта жанданды

Су тасқынынан кейінгі жағдайдың жақсаруы мен көлік құралдарының жүріп өтуіне жағдай жасалуына байланысты 2021 жылғы 27 сәуірден бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданының аумағындағы Ресей Федерациясы Челябі облысының «Мариинский» ресейлік өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан «Желқуар» автокөлік өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу қайта басталғанын хабарлаймыз.

 

ҰҚК баспасөз қызметі