GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Шекара қызметі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Қызметі туралы
Құжаттар
Өткізу пункттері
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
09 июля 2026
Декларацияланбаған валютаны алып өту әрекетінің жолын кесу туралы

ҰҚК Шекара қызметі ақша қаражатын елден заңсыз алып шығуға жол бермеу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

Тек 30 маусым мен 7 шілде аралығында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекет анықталды. Нәтижесінде жалпы сомасы 636 миллион теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.

Жекеленген жағдайлардың бірінде, ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Қордай» автокөліктік  шекаралық бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгін тексеру барысында 350 000 АҚШ доллары  (170 037 000 теңге)  анықталды.

Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

 ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республика аумағынан (10 мың АҚШ долларынан баламасынан асатын) соммадағы қолма-қол ақша қаражатын шығаруға тыйым салынатынын еске салады.

                                                                                 

ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
07 июля 2026
Вейптерді өткізудің жолын кесу туралы

А.ж. 29 маусымда ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаментінің «Қайрақ» автомобильдік өткізу пунктінде мемлекетіміздің аумағына ірі партияда «вейптерді» заңсыз алып кіру әрекетінің жолы кесілді.

Тыйым салынған 27 624 дана көлеміндегі тауарлар жүк автокөлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасында анықталды.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген электрондық тұтыну жүйелерінің құны 500 млн теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Еске саламыз, Қазақстанда шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды алып кіруге, өндіруге тыйым салынады.

 

ҰҚК Баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
01 июля 2026
2026 жылғы маусымдағы ҰҚК Шекара қызметінің іс-қимыл нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 5 281 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 4 493 шетел азаматтары.

4,3 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 476 фактісінің алды алынды, оның ішінде:

32 факті – есірткі заттары;

66 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (84 дана суық қару, 44 дана оқ-дәрі);

708 факті – көлемі 40 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;

489 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

181 факті – сомасы шамамен 2,2 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.

Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 27 фактісінің алды алынды, 24,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 94 дана (658 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Алдын алған шығын сомасы 285 млн теңгеден астамды құрады.

Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 50 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ 36 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 3526әкімшілік іс өндірісте.

Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
27 июня 2026
Шекара академиясы курсанттарының бітіруі

ҰҚК Шекара академиясында оқуын сәтті аяқтап, жоғары білім дипломын алған офицерлердің салтанатты бітіру рәсімі өтті.

Іс-шараға ведомство басшылығы, ардагерлер, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ түлектердің туыстары мен жақындары қатысты.

Оқу жылдарында курсанттар мемлекеттік шекараны қорғау мен қорғаудың заманауи әдістерін игерді, қажетті кәсіби білім мен практикалық дағдыларды алды, қызметтік міндеттерін табысты орындау үшін қажетті қасиеттерді қалыптастырды.

Комитет пен Академия басшылары түлектерге құттықтау сөз сөйлеп, жас офицерлерді даярлаудың жоғары деңгейін, олардың жауапкершілігін, таңдаған мамандығына берілгендігін және мемлекеттің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын атап өтті.

Түлектерге дипломдар мен төсбелгілер табысталды, ал 10 ерекше көзге түскендерге Академияның оқудағы, ғылыми қызметіндегі және қоғамдық өміріндегі жоғары жетістіктері үшін аға лейтенант атағы берілді.

Рәсім аяқталғаннан кейін жас офицерлер Шекара қызметінің үздік дәстүрлерін абыроймен жалғастыруға, әскери борышын намыспен орындауға және елдің ұлттық мүдделерін сенімді қорғауға дайын екендіктерін білдірді.

Жақын арада 171 түлек Шекара қызметі бөлімшелеріне одан әрі қызмет өткеру үшін жіберіледі, онда олар алған білімдері мен дағдыларын практикада қолдана алады.

 Салтанатты бітіру ұрпақтар сабақтастығын және кадрлық әлеуетті нығайтуды бейнелейтін маңызды оқиға болып табылады.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
24 июня 2026
Заңсыз көші-қонға қарсы күрес шаралары туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі заңсыз көші‑қонға қарсы ұдайы негізде жедел‑іздестіру іс‑шаралары кешенін іске асырады.

2026 жылғы маусым айында Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған 15 шетел азаматы ұсталды.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері 100 құқық бұзушы ұсталып, заңсыз көші‑қонның 25 арнасы жойылды.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 392‑бабы бойынша 178 қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге және мұндай әрекеттерге жәрдемдесуге қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады, сондай‑ақ азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

ҰҚК Баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
14 июня 2026
Қазақстан-Ресей шекарасындағы автокөлік кептелісі туралы

Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Қосақ» (Павлодар облысы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелесі байқалады.

Жағдай жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін тасымалдаудың маусымдық артуына байланысты.

Күту уақытын барынша азайту үшін өткізу пункті күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр, қажетті шаралар қабылдануда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен тығыз іс-қимыл ұйымдастырылды.

Павлодар облысында «Шарбақты» және «Үрлітөбе» халықаралық өткізу пункттері де жұмыс істейтінін еске саламыз. Солтүстік Қазақстан облысында «Жаңа Жол», «Қарақоға» және «Қызыл Жар» өткізу пункттері жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, белгілі бір күнге бос орындардың бар-жоғын нақтылауға және шекарадан өту уақыты мен орнын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді. Бұл өткізу пунктіне түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді және тасымалдаушылар үшін процестің алдын ала болжамды болуын қамтамасыз етеді.

Мысалы, «Қосақ» өткізу пунктінің шығу бағытындағы орташа өткізу қабілеті тәулігіне шамамен 200-220 жүк көлігін құрайды.

Ағымдағы жағдайды ескере отырып, қозғалысты баламалы бағыттар арқылы алдын ала түзетуді сұраймыз.

 

 

 ҰҚК баспасөз қызметі

 

 

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
10 июня 2026
Темекі өнімдерін заңсыз алып өтудің жолын кесу туралы

2026 жылғы 8 маусымда Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ірі көлемдегі темекі өнімдерін әкелудің жолын кесті.

Жүк автокөлігінің жасырын жеріне 360 мың қорап темекі өнімдерін тығу арқылы Қазақстан аумағына заңсыз алып өтпек болған.

Алдын ала бағалау бойынша алынған темекі өнімдерінің құны 180 млн теңгеден асады.

Ұсталған тауар одан әрі тексеру жүргізу үшін тиісті органға тапсырылды.

Жыл басынан бері ҰҚК Шекара қызметі темекі өнімдерін заңсыз алып өтудің 93 фактісінің жолын кесті, олардың жалпы құны 386 млн теңгені құрады.

 ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
09 июня 2026
Декларацияланбаған валютаны алып өтудің жолын кесу шаралар туралы

ҰҚК Шекара қызметі шетелге ақша қаражатын заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Биыл 2 маусымда Атырау облысы «Құрманғазы» өткізу пунктінде тексеруден өту кезінде ҚР азаматының жеке жүгінен 299,6 мың АҚШ доллары табылған.

Сонымен қатар, осы жылы 3 маусымда Жамбыл облысы шекарасында жасырын түрде 102,5 млн рубль өткізуге әрекеттенген алты шетел ұсталды.

Материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзырлы органдарға берілді.

Жалпы жыл басынан бері 6,9 млрд теңге сомасына декларацияланбаған валютаны әкетудің 681 әрекеті тоқтатылды.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасында белгіленген сомадан жоғары (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) қолма-қол ақшаны республикадан тыс жерге әкетуге тыйым салынатынын еске салады.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

 

05 июня 2026
ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы мамырдағы қызметінің нәтижелері туралы

 

      ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы мамырда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

      Шекара кеңістігінде 3 881 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 1 125 шетел азаматы.

      Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1180 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

      41 факті – есірткі заты;

      61 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 бірлік атыс, 42 бірлік суық қару, 118 бірлік оқ-дәрілер);

      406 факті – көлемі 85 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;

      526 факті – жалпы сомасы 665 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

      146 факті – жалпы сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.

      Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 12 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді.

      Алдын алған шығын сомасы 210 млн теңгеден астамды құрады.

      Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 62 қылмыстық іс қозғады, тергеу шаралары жүргізілуде.

      Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
01 июня 2026
Жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетудің жолын кесу туралы

ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әкетуге жол бермеу үшін шаралар қабылдауда.

2026 жылдың басынан бері өткізу пункттерінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің
2400-ден астам фактісінің жолы кесілді.




Алып қойылған өнімнің көлемі (бензин, дизель отыны, керосин және т.б.) 300 тоннадан аса құны шамамен 60 млн теңге.

Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып журген заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды.

Бұл іс-әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы