Шекара қызметі

Меню

Страницы

Статья

Шекара режимін бақылау

Қазақстан Республикасының Үкіметі шекара маңындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағы шегінде шекара режимі қолданылатын шекаралық аймақты белгілейді.

Шекара режимі – шекаралық аймаққа кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың немесе орын ауыстырудың, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібі.

Шекара режимінің негізгі мақсаты Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы шекаралық аймақта белгіленген тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жол (ақпараттық) белгілерін орнатады.

Шекаралық аймақта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтеусіз, тұрақты пайдалануға инженерлік-техникалық құрылыстар мен бөгеуіштерді, коммуникацияларды, өткізу пункттерін және Мемлекеттік шекара инфрақұрылымының өзге де объектілерін жайластыру мен күтіп-ұстау үшін пайдаланылатын жер белдеулері (учаскелері) бөлінеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісілген жергілікті атқарушы органдардың ұсынулары бойынша шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесі белгіленеді, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі жекелеген режимдік шектеулердің қолданысын алып тастауы немесе тоқтата тұруы мүмкін.

Шекара режимін бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.

Дата публикации
26 сентября 2019
Дата обновления
26 сентября 2019
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті
19 октября 2026
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 41 (6227) басылымы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті
19 октября 2026
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 42 (6228) басылымы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті
12 октября 2026
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 40 (6226) басылымы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы