Шекара қызметі

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңға және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекара режимі қолданылады.

Мемлекеттік шекара режимі:

1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстау;

2) Мемлекеттік шекараны кесіп өту;

3) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу;

4) шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстінен ұшуды жүзеге асыру;

5) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу;

6) шекарадағы тосын оқиғаларды шешу тәртібін қамтиды.

Мемлекеттік шекара учаскелері бойынша шекаралық белдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекараны белгілеу шебі жабдықталады.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту:

1) құрлықта, шекаралық өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында – халықаралық теміржол, автомобиль, өзен және өзге де қатынас жолдарында белгіленетін Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында;

2) әуе кеңістігінде – Мемлекеттік шекараны халықаралық трассалар кесіп өтетін орындарда немесе осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген әуе дәліздері бойынша;

3) теңізде – халықаралық теңіз қатынасы жолдарында белгіленетін теңіз дәлiздерi шегінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де орындарда Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге жол беріледі.

 

Дата публикации
26 сентября 2019
Дата обновления
26 сентября 2019
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті
19 октября 2026
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 41 (6227) басылымы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті
19 октября 2026
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 42 (6228) басылымы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті
12 октября 2026
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 40 (6226) басылымы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы