Шекара қызметі

Меню

Страницы

Статья

Шекаралық бақылау

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық іс-әрекеті түрлерінің бірі өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау болып табылады.

Адамдарға, көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау:

1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту ниеті бар адамдарға қатысты ақпаратты, оның ішінде көлік ұйымдарының ақпараттық дерекқорын пайдалана отырып алдын ала тексеруді;

1-1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулері бар адамдарды анықтау мақсатында құжаттарды және адамдарды тексеруді, оның ішінде биометриялық дербес деректерді өңдеу арқылы тексеруді, сондай-ақ адамдарға сауалнама жүргізуді;

2) көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың Мемлекеттік шекара арқылы өткізілу заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында барлық бақылаушы органдардың рұқсат беру белгілерінің болуын тексеруді;

3) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды табу және ұстау мақсатында көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауды, қажет болған жағдайларда – арнайы (жан-жақты) тексеріп қарауды;

4) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзу белгілері болған кезде адамдарды тексеріп қарауды;

5) Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарынан өткізу пункттеріне дейін не өткізу пункттерінен Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарына дейін көлік құралдарын алып жүруді қамтиды.

 

Дата публикации
26 сентября 2019
Дата обновления
26 сентября 2019
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті
19 октября 2026
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 41 (6227) басылымы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті
19 октября 2026
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 42 (6228) басылымы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті
12 октября 2026
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 40 (6226) басылымы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы