"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының геодезиялық пункттерін топографиялық және арнайы карталармен және координаттар каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы " бұйрығының жобасына

Ұсынылған жоба Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарын қызметтік-жауынгерлік (оқу) міндеттерді шешу үшін қажетті мөлшерде картографиялық өніммен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

Жоба құқықтық актінің редакциясын ҚР Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 жарлығымен бекітілген "Құқықтық актілер туралы" және "геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Заңдарына, ҰҚК Шекара қызметі туралы Ережеге сәйкес келтіруге бағытталған.

Сонымен қатар, карталардың жеке масштабтары мен номенклатуралық парақтардың саны оңтайландырылды. Бөлімшелердің атаулары қолданыстағы ұйымдық-штаттық құрылымға сәйкес келтірілген.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді, жобаны іске асыру тиісті кезеңге ҰҚК республикалық бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Жоба қабылданған жағдайда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді сәйкестендіру талап етілмейді.

Бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жоба ҰҚК мүдделі бөлімшелерімен келісілді.

Ашық НҚА интернет-порталында "ақпараттық технологиялар" бөлімінде, 2024 жылғы 23 сәуірден бастап жария талқылауда орналастырылған.

 

 

ЖОБА

 

№ 1 дана

 

 

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11558 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары бекітілсін»;

бұйрықтың 3-тармағын мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Республикалық бюджеттің тиісті қаржылық жылға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бөлінген қаражат шегінде және оның есебінен топографиялық карталарды және геодезиялық пункттердің координат каталогтарын сатып алуды кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы бекітілсін.

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылғы
    11 шілдедегі № 472 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік актілерінің эталонды бақылау банкін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрін жүргізу қағидасы 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Ерғалиұлы Алдажұмановқа жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

             Қазақстан Республикасы

        Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

                           Төрағасы

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                                                                Е. Сағымбаев

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

____________________________

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Төрағасының

2024 жылғы «__» _____

№ __ бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Төрағасының 2015 жылғы

3 маусымдағы № 46 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары

                                                 

№ р/б

Бөлімше атауы

Өлшем бірлігі

Картаның масштабы және номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны

Координаттар каталогы

1:25000

1:50000

1:100000

1:200000

1:500000

1:1000000

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) Шекара қызметінің департаменті, Шекара басқармасы

жинақ

-

20

50

50

20

5

1

2

Авиациялық

басқармасы

жинақ

-

-

50

50

50

50

1

3

Авиациялық бөлімі

жинақ

-

-

10

30

30

30

1

4

Шекаралық

бақылау

басқармасы

жинақ

-

2

2

2

1

-

1

5

Арнайы

мақсаттағы

басқарма (арнайы мақсаттағы ұтқыр

іс-қимыл

бөлімшесі)

жинақ

10

10

20

10

-

-

1

6

Шекара бөлімі

жинақ

10

10

5

5

-

-

1

7

Шекара

бөлімшесі (шекара заставасы)

жинақ

10

10

5

5

-

-

1

8

ҰҚК Шекара академиясы

жинақ

100

80

70

50

15

2

1

9

Жабдықтандыру басқармасы*

жинақ

5

10

5

5

5

5

1

10

ҰҚК емханасы бар орталық әскери госпиталі (ҰҚК Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі, ҰҚК Ақтау қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі)

жинақ

-

2

3

5

1

1

1

11

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі» республикалық мемлекеттік

мекеме

жинақ

-

-

20

50

80

20

1

 

Ескертпе:

  1. Ірі масштабтағы карталар болмаған кезде белгіленген нормалар шегінде оларды неғұрлым кіші масштабтағы карталармен ауыстыруға рұқсат етіледі. Кіші масштабтағы карталарды аса ірі масштабтағы карталармен ауыстыруға рұқсат етілмейді.
  2. Осы нормаларда белгіленбеген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы топографиялық карталар мен координат каталогтарымен ҰҚК емханасы бар орталық әскери госпиталі үшін қарастырылған норма бойынша қамтамасыз етіледі.
  3. Нормалар бір күнтізбелік жыл ішінде жауынгерлік, қызметтік-жауынгерлік (оқу) тапсырмаларды ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына тиісті топографиялық карталар мен координат каталогтарының санын айқындайды.
  4. Топографиялық карталар жасау барысында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жауапты учаскелері және масштабқа сәйкес номенклатуралық парақтар қолданылады.

* – қызметтік кинология басқармасы, кәсіби дайындық бөлімі, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі, күзет және қамтамасыз ету бөлімі, және әскери басқарманың тактикалық органдары болып табылатын басқа да қамтамасыз ету бөлімдері.

Пресс-релиз
Дата публикации
10 мая 2024