Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі,

аумақтық тұтастық және шекараға қол сұғылмаушылық туралы халықаралық құқық қағидатын басшылыққа ала отырып,

мемлекеттік шекара екі елдің арасында ұрпақтан ұрпаққа мәңгілік бейбітшілік пен достық шекарасы болып қалуы үшін ортақ күш-жігерді жұмсау шешіміне бекініп,

екі елдің мемлекеттік шекарасында тұрақтылықты және шекара маңындағы аудандарда тыныштықты қамтамасыз ету, шекара мәселелерін өзара құрмет, сенім, теңқұқықтылық, достық және ынтымақтастық рухында реттеу мақсатында,

1993 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шартты,                   2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты және 2001 жылғы                       5 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Мемлекеттік шекараны қорғаудағы ынтымақтастық туралы келісімді негізге ала  отырып,

төмендегілер туралы келісті:

Дата публикации
05 марта 2020