2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суусті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидаларында:
1 тарауының атауын келесі редакцияда мазмұндауды:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2 тарауының атауын келесі редакцияда мазмұндауды:
«2-тарау. Шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін күтіп ұстау тәртібі»;
5 тармағын келесі редакцияда мазмұндауды:
«5. Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін есепке қою иесінің жұмыс орны, жеке тұлғаның туған жылы, әкесінің аты (ол болған жағдайда), аты, тегі көрсетілген иесінің жазбаша өтінішінің негізінде осы Қағиданың бірінші қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери бөлімінің Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың
жекелеген типтерін тіркеу журналына тиісті мәліметтерді енгізу жолымен, сонымен қатар тіркелген құжат пен жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде жүзеге асырылады.
Заңды тұлға құжаттарды ұсынатын тұлғаға белгіленген үлгіде ресімделген сенімхатты және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы куәлікті қосымша ұсынады.»;
7 тармағын келесі редакцияда мазмұндауды:
«7. Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін есепке қою осы Қағиданың екінші қосымшасына сәйкес Жеке тұлғалардың тіркелу (тұрақты тұру) орны немесе заңды тұлғалардың болу орны бойынша күтіп-ұстауға есепке қойылған қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтері үшін Шекара қызметі әскери бөлімінің мөртабаны (мөртабанның көлемі: сыртқы шеңбері – 30 мм, ішкі шеңбері – 20 мм) нысан бойынша иесінің болатын орны немесе өтініш қабылдаған күнгі тіркеу орнының мекенжайымен тіркелген құжаттың сәйкес бетінің оң жақ астыңғы бұрышына арнайы мөртабан қоюмен бекітіледі.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Комитет Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры К. Мәсімов