«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы»
2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының
42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағында:
2), 3) және 4) -тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда (әрі қарай - Үлгі схемасы) адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізілуін ұйымдастырудың үлгілік схемасы;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:
1 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасында әуе кемелеріне адамдардың, жүктер мен тауарлардың келуі кезінде авиациялық қызмет пен бақылаушы органдарының іс-қимылдары»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әуе кемелерінің экипаж мүшелері Мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттары бойынша, сондай-ақ авиакомпания өкіліне (ЖТҰҚ агенті) уақытынан бұрын ұсынылатын ұшу тапсырмасының көшірмесіне (бас декларацияна) сәйкес өткізіледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды теміржол өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теміржол өткізу пункттерінен, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардан өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда (әрі қарай - Үлгі схемасы) адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізілуін ұйымдастырудың үлгілік схемасы бақылаушы органдардың бөлімшелерімен (бұдан әрі – бақылаушы органдар) жүзеге асырылу кезінде өткізуді ұйымдастыруды, атап айтқанда: шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және(немесе) қадағалауды, сондай-ақ теміржол өткізу пункттерінде (бұдан әрі – өткізу пункттері), сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарға, жүктер мен тауарларға қатысты теміржол станциялары әкімшіліктерінің іс-қимылдарын айқындайды.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Теміржол станциясының әкімшілігі поездың келуіне бір сағат қалғанда, бақылаушы органдарға поездың өткізу пунктіне, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келуі – уақыты, тұрақ орны (теміржол жолдары) және жолаушылар саны, сондай-ақ өткізу пункті, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын арқылы өтетін, жүк поездарының алдын-ала саны, вагондардың типтері және жүктер мен тауарлардың сипаты туралы ақпарат береді.
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Поездардың және ондағы тасымалданатын жүктердің тексерілуі, кедендік бақылау бөлімшесімен бірлесе Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау және ұстау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімшесімен (бұдан әрі – шекаралық бақылау бөлімшесі) өткізу пунктінің, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынның арнайы жайластырылған аймағында жүргізіледі.»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Инспекциялық тексеріп қарау кешендерін (ИТҚК) пайдаланумен өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда теміржол көлігін тексеру Қазақстан Республикасы теміржол қызметтерімен берілетін теміржол құрамдары, азаматтық тұлғалардың саны, оның ішінде жүктерді алып жүретін адамдардың саны туралы ақпаратқа сәйкес кедендік бақылау бөлімшесімен шекаралық бақылау бөлімшесімен келісе отыра жүргізіледі.
Кедендік және басқа да бақылаушы органдары болмағанда, теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастыру схемалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі құрамасының (бөлімінің) командирі және теміржол ұйымының басшысымен бірлесіп бекітіледі.
Жолаушылар поездарының қозғалыс кестесі мен тұрақтарына сәйкес, өткізуді ұйымдастыру схемаларында бақылау операцияларын жүзеге асыру ұзақтығы белгіленеді.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Халықаралық қатынас поездарының Қазақстан Республикасының өткізу пункттері, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын басқа орындары аумағына келуі кезіндегі бақылаушы органдардың іс-қимылдары»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жолаушылар поездарының шекаралық бақылауы жекелеген жағдайларда Мемлекеттік шекара сызығынан өткізу пунктіне, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға дейін және кері бағыттағы қозғалысы барысында, сондай-ақ поездар жүрісінің транзиттік учаскелерінде олардың шекаралық нарядтарымен бірге жүруімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік шекара арқылы теміржол көлігімен өтетін адамдардың құжаттарын тексеру тікелей шетелге баратын поездар вагондарында немесе шекаралық станциялардың жабдықталған залдарында, сондай-ақ теміржол станциясының платформасында жүзеге асырылады. Теміржол өткізу пунктіндегі, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындағы шекаралық бақылауды жүзеге асыру бірізділігі нақты жағдайларға, тұрақ уақытына, транзиттік учаскелердің болуына және өткізу пунктінің, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардың басқа ерекшеліктеріне байланысты болады.»;
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Жүру жолы өткізу пунктінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орында аяқталған, шекараның ар жағынан келген жолаушылардың шығуы, поездың қалған вагондарындағы бақылау аяқталғанын күтпестен, вагондағы шекаралық және кедендік бақылау аяқталғаннан кейін рұқсат етіледі.
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Поездың өткізу пунктіндегі, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындағы тұрған кезінде шекаралық бақылаудан өтпей, Мемлекеттік шекара режимін бұзуға, шетелге баратын көлік құралына кіріп кетуге тырысатын тұлғаларды анықтау мақсатымен поезд вагондары сыртқы бөлігінің тексерілуі жүзеге асырылады.
29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Поездың өткізу пуктіне, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келгеніне дейін режимдік аумаққа бөтен тұлғалар кіргізілмейді. Келетін поезға шекаралық бақылау бөлімшесі байқауды орнатады.
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Жүк поездарына қатысты өткізу пунктінің, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынның аумағындағы режимдік шектеулер, шекаралық бақылау бөлімшесімен тексеру аяқталғаннан соң және басқа бақылаушы органдардың жүктерге қатысты тасымалдау және ілеспе құжаттарының құжаттық тексеруінен кейін алынып тасталады.»;
43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда санитарлық-карантиндік қадағалауға, каратиндік фитосанитарлық бақылауға және қадағалауға, мемлекеттік санитарлық-ветеринарлық бақылауға және қадағалауға жататын жүктер мен көлік құралдарының кедендік ресімделуі, бақылаудың аталған түрлерінің жүзеге асырылғанынан кейін аяқталады.
54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекара учаскесіндегі темір жол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда шекаралық бақылау ғана жүзеге асырылады.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды теңіз (өзен) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы (бұдан әрі – Үлгілік схема) бақылау органдарының бөлімшелері (бұдан әрі – бақылау органдары) шекаралық, кедендік, көліктік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және(немесе) қадағалауды, жүзеге асыру бірізділігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өтетін адамдарға, теңіз (өзен) кемелеріне, жүктер мен тауарларға қатысты теңіз (өзен) порттары әкімшіліктерінің (бұдан әрі – порт әкімшілігі) іс-қимылдарын айқындайды.
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Теңіз (өзен) өткізу пункттеріндегі, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардағы шекаралық бақылау адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастыру схемасы (бұдан әрі – өткізуді ұйымдастыру схемасы) бойынша жүзеге асырылады, ол:
1) жолаушылардың келуі мен кетуін жеке-жеке ресімдеуді;
2) экипаж мүшелерінің құжаттарын бортта, рейдте ресімдеуді;
3) экипаж мүшелерінінің, круиздік жолаушылардың жағаға (кемеге) түсуін (қайтуын) бақылауды;
4) өткізу пунктінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда оның аумағына және шетелге шығатын кемелердің тұрағына бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынатын режимнің сақталуын;
5) келетін (кететін) кемелерді ресімдеу жөніндегі комиссияның үйлесімді және келісілген іс-қимылын қамтамасыз етуі тиіс.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Әрбір теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда оның ерекшеліктеріне байланысты (санаттары, сыныптары, инфрақұрылымының және техникалық жарақтануының дамуы, жыл уақыты) Үлгілік схеманың негізінде бақылау органдары басшыларының және порт әкімшілігінің бірлескен шешімімен өткізуді ұйымдастыру схемасы әзірленеді және бекітіледі.
Оның ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір өткізу пункті, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын үшін әзірленген теңіз (өзен) өткізу пунктіндегі, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындағы өткізуді ұйымдастыру схемасында бақылаушы органдардың бақылауды жүзеге асыру ұзақтығы белгіленеді.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар келген кездегі бақылаушы органдардың іс-қимылдары»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Кеме капитанының (кеме иесінің немесе уәкілетті тұлғаның) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асыру мәселелерін реттейтін Кедендік және Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын орындамаған жағдайда, бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының жұмысы тоқтатылады, бұл жайында порт әкімшілігі (порт капитаны) ақпараттандырылады.
Бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының жұмысына кедергі келтірген себептер жойылғаннан кейін кеме капитаны (кеме иесі немесе оның уәкілетті тұлғасы) порт әкімшілігіне кеменің кетуіне қайтадан тапсырыс береді.
Бір тәулікте бір кемедегі бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының жұмысын бір рет ауыстыруға жол беріледі.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар Қазақстан Республикасы аумағынан кететін кездегі бақылаушы органдар іс-қимылдары».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры К. Мәсімов