«Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-сімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 22.06.2026ж.-22.07.2026ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Осыған орай анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша аталған уақыт аралығында «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-нің бөлімінің заңгері Досберген Ануар Мұхтарұлына келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 - (71335) 21331.
КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА
2026 жылғы 5 – 12 қаңтар аралығында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардан мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтініштер https://darabala.kz платформасында қабылданады.
Білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі спартакиадасы
Шалқар ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспары негізінде Аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасының демеушілігімен 2025 жылдың қыркүйек айының 19-26 күндері аралығында білім беру қызметкерлері арасында аудандық мұғалімдер спартакиадасы өткізілді. Аудандық спартакиада спорттың 6 (тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, үстел теннисі, шағын футбол, волейбол (ер, әйел) түрінен өтті. Жарысқа жалпы білім беру мектептерінің құрама командалары қатысты. Жарыс №1 мектеп-гимназия, №2мектеп-гимназия, №4, №8 ЖОББМГ, І.Үргенішбаев атындағы ЖОББ мектептерінің спорт залдарында өткізілді. Аудандық жарысқа 22 команда, 742 мұғалім қатысты. Спартакиада жеңімпаздары болып «№1 мектеп-гимназия» құрамасы танылды. Командалық екінші орында №І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ, үшінші орында №2 мектеп-гимназия командалары иеленіп.Дәстүрлі білім беру қызметкерлерінің спартакиадасы алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
2025 жылдың 28 қараша күні аудандық құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарына сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау аспектілерін география пәнінде оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты – география сабақтарын экологиялық бағытта тиімді жоспарлау, оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және тәжірибе алмасу.
Семинар теориялық және практикалық бөлімде өтті.
Теориялық бөлімде аудандық құрылымдық бөлімше әдіскері Г.Елгондина «Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктері», №6 ЖОББМ география пәні мұғалімі А.Қаниева, №7 ЖОББМ география пәнінің мұғалімі А.Садуақасов «Қоршаған ортаны қорғау аспектілерін география пәнінде оқытудың тиімді жолдары» тақырыптарында баяндама оқып, география пәнінде қоршаған ортаны қорғау аспектілерін оқытудың заманауи әдістері, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми көзқарастар мен педагогикалық тәсілдер ұсынды.
Практикалық бөлімде топтық жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар жергілікті және жаһандық деңгейдегі қауіпті табиғи құбылыстарды талдап, олардың салдарын азайтуға бағытталған құзіреттіліктерді дамыту әдістерін қарастырды. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.
География сабақтарында тиімді қолдануға болатын платформалар көрсетілді:
визуализациялау. Бұл құралдар оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, күрделі табиғи процестерді терең түсіндіруге және оқу үдерісін заманауи форматта ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндігі атап өтілді. Семинар соңында қатысушылар ұсыныстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасып, болашақтағы бірігіп жұмыс жасау бағыттарын белгіледі.
⚜МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
🔸Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығымен регламенттелген. 2025-2026 оқу жылында қолданыстағы бұйрық басшылыққа алынады.
🔸Міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
🔸Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын бекітуді білім беру ұйымдары мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды. Жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
🔸Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.
🔸Мектеп формасына қосуға рұқсат етілмейді және киюге тыйым салынады:
-жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар;
-түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтері.
🔸Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдайды.
🔸Білім алушылар белгіленген мектеп формасын сақтауға, ал ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті.
2025 жылғы мамырында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.
Байқауға қатысуға 10 пен 25 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.
Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация – «Үздік постер», «Үздік сүрет» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар а.ж. 1 қазанына дейін қабылданады.
Еліміздің қатысушыларымен дайындалған конкурстық жұмыстарды іріктеу Агенттікпен құрылатын Ұлттық конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады.
Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (а.ж. 9 желтоқсан) орай жоспарлануда.
Конкурсқа қатысуға шақырамыз!
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалкар ауданының білім бөлімі» ММ-сімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 01.05.2025ж.-01.06.2025ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Осыған орай ағымдағы жылдың 26-30 мамыр аралығында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша аталған уақыт аралығында «Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-нің заңгері Досберген Ануар Мұхтарұлына келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (701) 860 64 72.
«Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-сі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 01.05.-2025ж.- 01.06.2025ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-нің бөлімнің заңгері Досберген Ануар Мұхтарұлы келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 701 860 64 72.