Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы болып Башанов Аянберген Қонысбайұлы тағайындалды.
Аянберген Қонысбайұлы 1990 жылы Шалқар ауданында дүниеге келген, білімі - жоғары. 2012 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе қаласындағы №45 орта мектептен бастап, кейін М.Ғабдуллин атындағы №70 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2020 жылы №75 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2021 жылы Ә.Марғұлан атындағы №71 орта мектеп директоры қызметін атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласының №74 мектеп директоры қызметін атқарды.