
“№4 мектеп ЖОББМ” КММ-де 8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі , “Желтоқсан алауы” қоғамдық бірлестігі шалқар ауданы бойынша филиалы өкілі,биология пәнінің мұғалімі Еңсепова Күнжәмила Орынбасарқызына арнап “Ұстаз өнегесі” атты тақырыпта дара жол өткізілді.
Кездесу кешінде шәкірті Республикалық ғылыми жобалардың жеңімпазы,Шалқар ауданының білім бөлімінің бас маманы Бекетова Жансауле Әбілқайырқызы ,Ә.Жангелдин атындағы мектепте 2001 - 20011 жж аралығы басшылық еткен Жұмағалиева Күләй Тынымбайқызы,әрі ата-ана , әрі әріптестік ниетпен Нұрғалиева Сания Амангелдіқызы, аудандық “Анаға тағзым” орталығының басшысы Бекетова Маржангүл Қалдауқызы және де ізгі тілекпен жас мамандардың әдіскері Басығарина Майрагүл Өмірсерікқызы
қатысты.Сонымен қатар жетоқсан оқиғасының куәгері,замандасы Нурмаганбетов Серикбай Елубаевич қонақ болды.Кеш қонақтарына арнап ән шырқалды.Кеш соңында мектеп басшысы Қалдыбаева Гүлнәр Отарбайқызы сөз сөйлеп, құттықтауын білдіріп, кеш қонақтарына естелік сыйлықтар табысталды.