"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Республикалық науқаны

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Республикалық науқаны

"N4 ЖОББМ"КММ-де "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Республикалық науқанына орай "Өз өміріңді аяла!" атты аудандық психологиялық тренинг әйелдер қауымына өткізілді. Мақсаты: отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу.
Тренинг бағдарламасы:
💫 Амандасу.
💫 "Иә! Жоқ!" деп айт
💫 Бейнебаян
💫 Постермен жұмыс
💫 Өмірлік тәжірибе
💫 "Сиқырлы қалпақ"
💫"Сенім шырағы"
💫 Релаксация "Уайымнан арылу"
💫 "Хат жазу" техникасы
💫 "Өзіңді жақсы көр!" аффирмация
💫 "Кір жуу мәшинесі"
💫 Рефлексия
Ұзақ жылдар бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келе жатса да, үнсіздік танытатын, әділдік іздеудің орнына, мәселесін жасыратын нәзік жандылар қоғамда көптеп кездеседі. Бұл жағдайда жақындары мен ортасының қолдауы қажет екендігін мектеп директоры Гүлнар Отарбайқызы арнайы тоқталды.
Тренингке ұжымның азаматшаларымен бірге Шалқар аудандық аналар кеңесінің төрайымы Маржанкүл Қалдауқызы, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Венера Қанатқызы және Полиция бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Ақмарал Тлеулесқызы еркін, белсенді қатысып, өмірге жаңа көзқарас пен позитивті қабылдай білді. Психологиялық тренингке қатысқандарына жағымды пікірлерін білдірді.
Педагог-психолог А.О.Шанова