
5.12.2023 жылы облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу және психологиялық қолдау көрсету мақсатында оқушылар, ата - аналар және педагогтердің қатысуымен "Б. Сүлейменов атындағы ЖОББМ" КММ - де ашық есік күні өтті. Аталған ашық есік күнін облыстық әдістемелік орталығының психологиялық - әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі Жубандыкова Меруерт Кунболовна, бөлімнің әдіскері Советова Гүлнұр Бүркітбайқызы және Шалқар ауданының білім беру ұйымдары педагог - психологтерінен құрылған жұмыс тобының мүшелері "#1 мектеп - гимназия" КММ - нің психологі Аязбаева Тұрсын Жаркетқызы, "#2 мектеп - гимназия" КММ - нің психологі Исакова Зауреш Тулегеновна, "І. Үргенішбаев атындағы ЖОББМ" КММ - нің психологі Жадрасинова Мнира Жанайқызы, "Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ" КММ - нің психологі Ордина Акгуль Жеткергеновна және білім бөлімінің әдіскері Есбосынов Сабит Зулхашович өткізді. Шарада 102 оқушы мен 24 ата - анаға психологиялық тренинг, 1 ата - ана, 4 педагог және 3 оқушыға сұраныстары бойынша жеке консультация жүргізілді.