
1994 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.2001-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы Ы.Ыбраев ауылындағы М.Ахметбеков атындағы орта мектепте оқыды.
2012 – 2014 жж. ПМКК (Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде) оқыды.
2015 - 2017 жылдар аралығында Шалақын ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» КММ-де компьютер операторы болып жұмыс істеді.
2017 - 2026 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы «Аютас ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маман қызметін атқарып келді.
2026 жылдың маусым айынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ «Сектор меңгерушісі» болып жұмыс істейді.