«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

  1. 1. Жалпы ережелер

     

    1.«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

    Ішкі саясат, ұлтаралық қарым-қатынасты, саяси партиялармен және қозғалыстар, қоғамдық және діни ұйымдармен, ұлттық мәдени орталықтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы және құзіретті органы "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады. БСН 920240000652
    2. 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Ережемен жүзеге асырады.
    3. 4. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Қазынашылық органдарында және банктерде есеп шоты бар.
    4. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынын түседі.
    5. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    6. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    7. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    8. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: 151300 Қазақстан  Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал  ақын  ауданы, Сергеевка қаласы,   Победы  көшесі, 31 үй.
    9. Бөлімнің толық атауы:

    мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Отдел внутренней политики,  культуры и развития языков  акимата  района  Шал  акына Северо-Казахстанской области».

    1. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    2. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
    3. 13. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

             Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

              «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

    • Мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтерді ұсынуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру, тілдердің қолданылуы мен дамуы өңірлің бағдарламасының аудан аумағында жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтмасыз ету;
    • мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үрдістер мен қоғамның бірігуін демократизациялау бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.

    Міндеттері ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңымен, «Мәдениет туралы» Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына сәйкес анықталады.

    1. Қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеті ксаясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үрдістер мен қоғамның бірігуін демократизациялау;
    2. Мемлекеттің ішкі саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік және лауазымдық тұлғалардың жұмыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің ,Үкіметтің, облыс пен аудан әкімінің  тапсырмаларын үйлестіру;  
    3. Қоғамның демократиялық институттарын нығайту, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;
    4. Ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсынымдар, азаматтық  бірегейлендіру негізінде қоғамды концолизациялау  бойынша  ұсыныстар жасау, ауданның дамуының ұзақ мерзімді мүмкіндіктерін дамыту;
    5. Аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістер мен тенденциялардың дамуын жан-жақты және объективті түрде оқу, жинақтап қорыту және талдау;
    6. Аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік тапсырсты орындау бойынша жергілікті жерлерде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
    7. Аудандағы қоғамдық саяси жағдайларды болжауға бағытталған социологиялық және саяси зерттеулер жүргізу;
    8. Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдар өкілдерімен өзара әрекет жасау;
    9. театр, музыка, хореография, бейнелеу және басқа өнер түрлерін, халық шығармашылығын және көркемөнерпаздықты дамыту;
    10. тарихи – мәдени мұраларды, мәдениет және тарих ескерткіштерін пайдалану мен қадағалау саласында мемлекеттік бақылауды және мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету;
    11. ауданда мұражай ісін дамыту;
    12. адамгершілікке тәрбиелейтін және халықтың мәдени-танымдық демалысына мүмкіндіктер жасайтын кино-бейнеөнімдерін кеңінен пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
    13. шығармашылық одақтар, қорлар, ұлттық-мәдени орталықтардың қызметіне көмек көрсету;
    14. мәдениет және өнер ұйымдарының, мекемелерінің материалдық – техникалық базасын және қаржылық жағдайларын нығайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
    15. аудан аумағында тіл заңнамасының орындалуына басшылықты жүзеге асыру;
    16. өз құзырындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
    17. «Мекеме» құзырындағы мәселелер бойынша қала әкімінің іс-қимылдар жоспарының жобасын жасауға қатысу, мәдени мұра, тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған аудан бюджетінің қаржыландыруын қамтамасыз ету;
    18. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды іске асыру, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау, өзінің құзырындағы мәселелер бойынша жартыжылдық (немесе басқа мерзімді) есеп беру мәселелері бойынша облыстық мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен өзара  іс-қимыл жасау;
    19. Мәдениет пен мемлекеттік тілді дамыту және оның қоғамдық қызмет аясын кеңейту бойынша кешенді шаралар әзірлеу және жүзеге асыру, «Мекеме» құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдар мен құжаттар дайындау;
    20. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге, атқарушы билік органдарына, халыққа қызмет көрсететін әр түрлі салаларға, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына іс -қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді енгізу бөлігінде тілдерді дамыту мен қолданудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда практикалық көмек көрсету, халықтың әр түрлі жастағы топтарын мемлекеттік тілге үйретуді ұйымдастыру;
    21. аудармашыларға, мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандарға, қазақ тілі үйірмелерінің жетекшілеріне тәжірибелік көмек көрсету (әдістемелік оқулықтар мен нұсқаулықтар әзірлеу және тарату, семинар-практикумдар өткізу және т.б.);
    22. мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындар мен ведомстволарға деректемелер мен көрнекі ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның талаптарына сәйкес рәсімдеуде көмек көрсету;
    23. аудан бойынша ономастикалық жұмысты үйлестіру;
    24. жұмыста жариялылықты қамтамасыз ету, мемлекетті басқаруда халыққа қызмет көрсету және әлеуметтік салаларда мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі шараларды іске асыру туралы халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақты  хабардар ету, бұқара арасында мемлекеттік тілді насихаттау;
    25. барлық бағынышты мекеме ұйымдармен мемлекеттік және қаржылық тәртіптің қадағалануы;
    26. халықтың және ұлттық топтардың әлеуметтік қызығушылықтары мен мәдени және рухани қанағаттандыру мәселелерін зерттеп, қоғамдағы тыныштық пен бірлікті сақтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.
    27. маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес қабылдансын және қарауы жүзеге асырылсын

     

    «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары  ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына,  ҚР «Мәдениет туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына, ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына, ҚР «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына, ҚР «Бұқаралық ақпарар құралдары» Заңына, ҚР «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңына, ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына, ҚР «Қазақстан халқының ассамблеясы туралы» Заңына, ҚР «Саяси партиялар туралы» Заңына сәйкес анықталады.

    1. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметтің актілерін, ішкі саясат саласындағы әкімдік қаулыларын, облыс пен аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
    2. Аймақтық бағдарламаларды әзірлеуді, мекеменің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің жобаларын сараптап және дайындауды ұйымдастырады;
    3. Аудан әкімдігінің және басқа да консультативтік мәжілістік органдардың отырыстарына қатысады;
    1. Аудан әкімі мен оның аппаратының қызметін ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
    2. Республикалық, облыстық, аудандық қоғамдық-саяси мәдени іс-шараларды қамтамасыз етуді жүргізеді;
    1. Этникааралық қатынастар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету және сақтау саласындағы республикалық, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады;
    1. Ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, жалпылау және жіктелуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
    2. Саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады;
    3. Аудандағы ішкі саяси тұрақтылық пен саяси процестерді демократизациялауға бағытталған республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
    4. Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
    5. Балалар және жастар мекемелерімен бірлесе отыра, Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес өз қызметтерін жүзеге асырады, балалар мен жастарға қатысты мәселелерді шешуге қатысады;
    6. Заңды тұлға ретінде белгілері жоқ, аз санды діни топтар және діни ағартушылық қызметтері арқылы қандай да бір дін оқуларын таратуды және насихаттауларды жүзеге асыратын шет ел азаматтардың қызметтеріне мониторинг жүргізу;
    7. Мемлекеттік рәміздер бойынша аудандық комиссияның жұмыстарын жүргізу;
    1. Аудан деңгейінде ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
    1. Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
    2. мәдениет және өнер мекемелерінде рухани құндылықтарды сақтау, дамыту, пайдалану және олардың мәдени деңгейін арттыру бойынша  шаралар қабылдайды;
    3. Жастар орталығы,мәдениет сарайлары, үйлері мен клубтардың, бос уақыт өткізу  орталықтары, кітапханалар, мұражайлар мен басқа да аудандық мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін үйлестіреді, оларға әдістемелік көмек көрсетеді;
    4. мәдениет және өнер мекемелері жүйесін сақтау бойынша шаралар әзірлейді және жүзеге асырады, жаңа мәдени ойын-сауық ұйымдарын құрады;
    5.  аудандағы мұражай ісін және халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді жақсартуды қамтамасыз етеді;
    6. белгіленген тәртіппен концерттік қызметтерді ұйымдастырады, театр, көркемөнер ұжымдарының, жеке орындаушылардың гастрольдерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
    7. жетекші кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдарын сақтау, халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрлерін зерттеу және насихаттау бойынша шаралар қабылдайды;
    8. белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер саласында  фестивальдер, байқаулар, көрмелер мен басқа да шараларды ұйымдастырады;
    9. көркем халық қолөнері кәсіпшілігін дамытуға көмек көрсетеді;
    10. мемлекеттік, ұлттық, жалпы қалалық мерекелерді, маңызды оқиғалар мен ұмытылмас даталарды ұйымдастыру және өткізуге қатысады.
    11. өз құзырындағы мәселелер бойынша ведомствоға қарасты кәсіпорындардан, қалалық басқармалардан меншіктің нысанынан байланыссыз бөлімдер мен ведомстволардан, ұйымдар мен кәсіпорындардан тілдік заңнаманы орындау мәселелері бойынша жартыжылдық (немесе басқа мерзімдік) есептер, сондай-ақ ақпарат, мәліметтер және оның құзырына енетін басқа да құжаттар сұрауға және алуға;
    12. бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге және  материалдық-техникалық базаны жақсарту, күрделі жөндеу және т.б. байланысты мәселелерді  өз құзыры шегінде шешуге;
    13. азаматтардың шағымын туындататын салдарларды жоюға арналған  құзырлы және  уақытылы  шаралар қабылдауға;
    14. ведомстволық қарасты мәдениет пен өнер ұйымдары мен мекемелеріндегі  құқықтық жұмыстарды басқару, өндірістік және еңбек тәртібі нығайтуға қатысуға;
    15. аудандық мекемелер мен ведомстволарда, сондай-ақ меншіктің нысанынан байланыссыз ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілді енгізу бөлігінде Қазақстан Республикасындағы «ҚР Тілдер туралы» Заңның,  Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу жағдайын зерттеуге;
    16. тіл заңнамасын орындау мәселелері, қазақ тілін насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени – бұқаралық шараларды дайындау және өткізуде басқа да мемлекеттік мекемелермен іс-қимыл жасауға;
    17. қажет болған жағдайда тіл саясатының мәселелері бойынша басқа ведомстволар және қоғамдық  бірлестіктермен бірге немесе келісім бойынша қаулылар, бұйрықтар шығаруға ұсыныс жасауға;
    18. қоғамдық бірлестіктермен және ұлттық мәдени орталықтармен  байланыс жасау;
    19. қалалық және ауданның селолық округтардағы кітапханалардағы оқырмандар тобының және халықтың ұлттық құрамының тапсырыстарын орындау үшін жоспарланған кітап қорын ұйымдастыруды қамтамасыз ету және байқауды жүзеге асыру;
    20. күнделікті тұрмысқа қажетті жаңа әдет –ғұрыптарды енгізуді қамтамасыз ету;
    21. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, облыс, аудан әкімі тапсырмаларының орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді;
    22. Мекеменің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша сәйкесінше аудан әкімдігінің бөлімшелерімен, мемлекеттік мекемлермен өзара әрекет ету;
    23. жоғары тұрған ұйыммен және аудан әкімдігімен белгіленген мерзімде есепті ұсынады;
    24. қарасты мекеме кадрлардың біліктілігін арттыру мен таңдау, тәрбиелеуді жүзеге асырады;
    25. мұражайдағы тарихи-мәдени мұраның және де өзге де құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізеді;
    26. қарасты мекемелерде алғашқы есепті ұймдастырып, жиынтық бухгалтерлік есептер алып, олардың жоғары тұрған органдарға уақытылы есеп беруін қамтамасыз етеді.  
    27. Азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
    28. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру
    29. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
    30. мәдениет саласындағы қалалық мемлекеттік ұйымдардың азаматтық қызметшілерін аттестациядан өткізу;

     

    3.Құқықтары мен міндеттері.

     

    «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық акітлер туралы» Заңына сәйкес анықталады:

    1. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды заңнамамен орнатылған жағдайда және тәртіпте құрастыру.

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексі» Жарлығына сәйкес:

      

    1) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мәселелер бойынша өздігінен шешім қабылдауға, бұйрықтар шығаруға құқылы;

    2) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында әдістемелік құжаттар мен ережелер туралы қолдану нормаларына түсініктеме бере алады;

    3) Өз функцияларын орындау үшін заңмен белгілеген тәртіпте мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан  қажетті ақпараттар  сұрауға және алуға, мемлекеттік органдардың  және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін мекеме құзіретіне тиісті мәселелер дайындауға қатысуға тартуға;

    4) мүлікті және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алу мен жүзеге асыру, сотта арызданушы мен жауап беруші бола алады;

    5) заңды және жеке тұлғалармен құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жасай алады.

    6) Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдардың іс-әрекетін   қалыптастыруға ұсыныстар енгізуге, мекеменің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және басқа да материалдар дайындауды жүзеге асыруға; 

    7) Ақпараттық, мәдени және тілдерді дамыту және өзге де саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру бойынша жергілікті бағдарламаларды қаржыландыру туралы ұсыныстар енгізуге;

    8) құзіретінде ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, адамның құқығы мен еркіндігін қадағалау саласының сұрақтары бар коммуналдық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

    9) Осы Ережеде қарастырылған мақсаттарды жүзеге асыруға қаржыны қолдану;

    10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге құқықтарды жүзеге асыру.

    Бөлім міндетті:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

    2) белгіленген тәртіпте бюджетке салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлеуге;

    3) Қазақстан Республикасының заңды актілеріне сәйкес жауапкершілік тартуға.

     

    1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

     

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
    2. 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    3. 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленетін, оның құзіретіне сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметттерінің мәселелерін өзі және дара басшылық принципінде жұмыс істейді;
    4. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік басшысының уәкілеттілігі:

    1) мемлекеттік органдар, ұйымдар мен азаматтармен Мекеме атынан сенімхатсыз байланыс жүргізе алады;

    2) келісімшарт жасайды, сенімхаттар береді, банктік шоттар ашады;

    3) азаматтардан келіп түскен үндеулер, өтініштер мен арыздарды қарастырады, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау мақсатында шаралар қолданады;

    4) өзінің құзіретінің шегінде және заңнамадағы белгіленген тәртіпке сәйкес Мекемеге қызметкерлерді қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға қатысты көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолданады;

    5) ерлер және әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын бақылайды;

    6) мемлекеттік органның қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына жеке жауапкершілік артады;

    7) мекемемен оған жүктелген  міндеттердің жүзеге асырылуына жеке жауапкершілік артады; 

    8) өзінің құзіретінің шегінде қолданыстағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен қаулылар негізінде және жүзеге асыру мақсатында бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарып, олардың орындалуына тексеру жұмысын жүргізеді; 

    9) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің функционалдық міндеттері  мен құзіретін анықтайды;

    10) коммуналдық мемлекеттік мекеменің  құрылымын және штаттық кестесін бекітеді және өзгерістер енгізеді, еңбекақы қоры  шегінде  лауазымдық жалақыларды белгілейді;

    11) коммуналдық мемлекеттік мекеменің әкіммен тағайындалғандардан басқа  коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін заңнамаға  сәйкес жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

    12) коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар белгілейді;

    13) функционалдық міндеттерді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттіліктерінің шеңберін анықтайды.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін орындау, заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асыра алады.

     

                 

    1. Мемлекеттік органның мүлкі.

     

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  мүлкі оған меншік иесі берілген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Шал ақын   ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз еркінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

     

     

    1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

     

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

     

     

    1. Бөлімдегі жұмыс тәртібі және өзара қарым-қатынас

     

    1. Бөлім мен уәкілетті орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады және реттеледі.
    2. Бөлім басшысы мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.
    3. Бөлімнің жұмыс уақыты сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, аптасында бес жұмыс күні, түскі үзіліс – сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін.

     

     

    1. 8. Қорытынды ережелер.

     

             Осы Ережеге  өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

             __________________________________________ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 апреля 2026