2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы Ақпарат

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жария талқылау 2025 жылғы «31»  қазан мен 2025 жылғы «13» қараша     аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға shn-enbek@sqo.gov.kz) ауызша түрде де (тел. 8 71534 21831) қабылданады, сондай-ақ түсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.

 

Анықтама телефоны: 8 71534 21831

2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы Ақпарат
Дата публикации
30 октября 2025