Сыбайлас жемқорлық – әдетте лауазымды тұлғаның өзінің билік өкілеттіктерін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын, сондай-ақ осы ресми мәртебемен байланысты билікті, мүмкіндіктерді, байланыстарды жеке басының пайдасы үшін, заңнамаға және моральдық қағидаларға қайшы пайдалануды білдіретін термин, лауазымды адамдарды параға сатып алу, олардың сатылуы сыбайлас жемқорлық деп те аталады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ келесі жұмыстар жүргізілді: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау, мекемеде мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты қабылданды, қызметкерлер үшін құқықтық жаппай оқыту ұйымдастырылды, 2 маман біліктілігін арттыру курстарынан өтті, кент әкімінің аппаратында сенім телефоны жұмыс істейді, оның нөмірі ай сайын БАҚ-та жарияланады, Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, ғимараттың холында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер көрсетіледі.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру үшін: бір жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары веб-порталда жарияланған, мемлекеттік сатып алу электрондық тәсілмен жүзеге асырылады, халықпен кездесулерде оларға кентті дамытуға бөлінген бюджет қаражаты туралы ақпарат жеткізіледі, жергілікті қоғамдастық жиналыстарында қаржыландыру мәселелері және кенттің аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізудің нысаналы бағыттары қаралады. Тұрғындардың әртүрлі санаттары арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын, онымен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекет ету тәртібін, сондай-ақ осындай деректерге жәрдемдескені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднама таратылды, газетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта мақалалар жарияланды, ағымдағы кезеңде әкімнің тұрғындармен кездесулері мен жиналыстарының 7 бейнетүсірілімі, оның ішінде кенттің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы, бюджет бойынша тікелей эфир, кешенді даму жоспары бойынша кент тұрғындары «Шахан ТВ» сайтында танысуға мүмкіндік алды, «Аntikor Live» жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп 2021 жылғы 18 мамырда Шахтинск қаласы әкімдігінің Instagram @presssluzbagshakhtinska әлеуметтік желісіндегі және @shahantv жергілікті пабликіндегі ресми парақшасында жарияланды, «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Көрсетілген ағартушылық және ақпараттық жұмыстар кенттің басқа да ұйымдарымен тұрақты түрде жүргізіледі.
Өткізілетін іс-шаралар белгілі бір дәрежеде мемлекеттік органдардың жұмысын жақсартуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен оларға алғышарттардың неғұрлым жүйелі және кешенді алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің тәртібін нығайтуға, халықпен, кәсіпкерлік құрылымдармен өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал ететін болады.
«Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ
бас маманы А.Ж. Жунтаев