Атаулы әлеуметтік көмек бұл мемлекет табысы өте төмен азаматтарға төлейтін уақытша қаржылық қолдау.
Табыс кедейлік шегінен аспауы керек.
Қарағанды облысында 4 тоқсандағы жағдай бойынша кедейлік шегі бір адамға 36488 теңгені құрайды, яғни егер сіздің әрбір отбасы мүшесіне табысыңыз бір адамға 36488 теңгеден аспаса, онда сіз атаулы әлеуметтік көмекке үміткер бола аласыз.
Бұл ретте отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелері, оның ішінде 3 жасқа толған балаларға күтім жасайтын тұлғалар жұмыс істеуге міндетті екендігі маңызды мәселе болып табылады. Егер АӘК отбасына төленсе, бірақ оның еңбекке қабілетті отбасы мүшесі белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысудан бас тартса, онда ол және оның отбасы мемлекеттің бұл көмегінен айырылады.
Сондай-ақ, АӘК-ге үміткер адам бір мекенжай бойынша тіркелуге және тұруға тиіс, тұрақты тұратын жері бойынша тіркелмеген кезде тұрғылықты жері өтініш берілген күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуімен расталады.
Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен тоқсан сайын расталады.
АӘК төлеу туралы шешім қабылдаумен бір мезгілде бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлем беру туралы шешім қалыптастырылады. Бұл төлем кепілді әлеуметтік пакеттің орнына келді және бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау сәтінде ағымдағы тоқсанға балалардың жасын ескере отырып, шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушылар қатарындағы аз қамтылған отбасыларға беріледі және әр балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Бұл қызмет Азаматтарға арналған электрондық үкімет арқылы электрондық форматта көрсетілуі мүмкін egov.kz ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы үйден шықпай-ақ, не Шахан кентінің әкімдігінде орналасқан Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын, бұрыштың жұмыс режимін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) пайдалана аласыз, сондай-ақ проактивті форматта қарастырылған.
Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірін тіркеудің болуы, көрсетілетін қызметті алушының учаскелік комиссияға келуге келісімі және көрсетілетін қызметті алушының sms-хабарлама арқылы сұрау салу арқылы алынған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымды таңдауы қажет.
Бірақ үйден өтініш бермес бұрын консультация жүргізу және көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасының атаулы әлеуметтік көмек тағайындау критерийлеріне сәйкестігін анықтау үшін «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ-ге жүгінген жөн.
АӘК тағайындау мәселелері бойынша Шахан кентінің тұрғындары «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ-ге жүгіне алады. Байланыс телефоны. 8/72156/32401
«Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ.