2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер

    Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі - әкімдік) жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік қызметтің 14 түрі көрсетіледі:

  1. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  2. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
  4. Аннулирование записей актов гражданского состояния
  5. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  6. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  7. Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  8. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  9. Әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімдері
  10. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
  11. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
  12. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  13. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

14.Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату

 

2021 жылы 26 (2020 жылы - 18) Мемлекеттік қызмет көрсетілді мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау оның ішінде 17 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы, 9 қызмет қағаз түрінде тікелей МО арқылы көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер тегін негізде қағаз түрінде немесе ЭҮП арқылы көрсетіледі.         

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық стендте және Шахан кенті әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңы, Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Стандарт пен қағидалар, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі, Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нәтижелер орналастырылған, мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі және басқа да пайдалы ақпарат.

Тиісті бөлімдегі ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

2021 жылдың есептік кезеңінде әкімдік қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен қағидаларының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша 10 түсіндіру іс-шарасын өткізді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

Әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына күнделікті бақылау жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілеріне жол бермеу мақсатында әкім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жыл сайын бекітеді.

2021 жылы Шахтинск қаласы әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру:

Көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік корпорация және «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.

Тұтастай алғанда, 2022 жылғы жұмыс мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына тұтастай бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады.

 

 

               Шахан кентінің әкімі                                            Г.А. Умирбеков

 

 

 

 

 

             

 

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп
Дата публикации
17 января 2022