Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Шағын және орта бизнес

2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 75 бірлікті құрады (20-заңды тұлғалар, 54-жеке кәсіпкерлер, 2-шаруа қожалықтары) немесе 2023 жылғы 89% (1.01.2024 ж. 88 бірлік)

Шахан кентінің аумағында 37 дүкен, 1 азық-түлік базары, 4 сауда павильоны,1 сауда контейнері, 2 дүңгіршек, 3 дәріхана, 2 кафе, 1 банкет залы, 2 мейрамхана, 1 кофехана, 1 қоғамдық монша, 1 шағын ателье, 1 аяқ киім жөндеу, 7 шаштараз, 1 мәрмәр цех, 2 шиномантаж, 1 жанармай құю станциясы, 1 жанармай құю станциясы (газ), 1 көлік жуу.

Өз қаражаты есебінен 2024 жылы 25,7 млн. теңге сомасына 6 жаңа шағын бизнес нысаны ашылды,

         - «Shanyraq Ortalygy» ғимаратында: «Koreanbrend» дүкені, «Градус» дүкені, Джампинг сабақтары бойынша студия, арнайы киім өндіретін тігін цехы ашылды;

         - Бұрынғы «Қытайдан келген тауарлар» дүкенінің негізінде «Пенка» атты сыра дүкені ашылды;

         - «Аида» кафесінің базасында Бизнес орталық ашылды.

 Кәсіпкерлікті дамыту экономикалық өсудің, жұмыс орындарын құрудың және әлеуметтік өзгерістердің маңызды тәсілі болып табылады. Бұған кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және экономикалық дамуға ықпал етуге мүмкіндік беретін қаржылық емес және қаржылық көмек түріндегі кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары ықпал етеді.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 2024 жылы жалпы сомасы 25,7 млн.теңгеге 6 жоба немесе 2024 жылғы қолдау көлемінің 219,6% -11,7 млн. теңге іске асырылды. (несиелеу, гранттық қаржыландыру).

Кенттің халқы мен кәсіпкерлерін кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы бағдарламалары туралы хабардар ету үшін 2024 жылғы 5 наурызда Шахан кентінде экономика салалары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық қолдаудың жаңа қағидаттары мен нысандарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді, оған Қарағанды облысының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармаларының, Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің, «Даму» қорының өкілдері, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы, «Агрокредиттік корпорация» АҚ және «Халық банкі» АҚ қатысты.

Сондай-ақ, ватсап топтарында және Инстаграм мессенджерінде кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы хабарландырулар мен ақпараттарды орналастыру арқылы түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы