Семей каласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Құсайынов «УК ЮНИС» ЖШС директоры Юрий Яковлевич Келенцевті 80 жаска толған мерейтойымен құттықтап, отандык жеңіл өнеркәсіптің дамуына қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін Семей каласы мәслихаты атынан Құрмет грамотасын табыстады.
Юрий Яковлевич жарты ғасырдан астам уакытын жеңіл өнеркәсіп саласына арнап, еңбек жолын жұмысшыдан бастап, кәсіпорын басшысына дейінгі кәсіби жолдан өтті. Оның көпжылдық қызметі отандық өндірісті дамытуга және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуга бағытталған.
Юрий Яковлевичтің кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне адалдығы зор құрметке лайық. Оның еңбек жолы жас мамандар үшін өнегелі үлгі.
Мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тілейміз!
2026 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығыменбарлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осылайша, Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымы депутаттық корпусының қызмет кезеңі мәресіне жетті.
2023 жылғы 30 наурыздан 2026 жылғы 12 қазанға дейін Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымы тұрғындардың мүдделерін білдіруге, қала өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге және қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қызмет атқарды.
Осы кезеңде депутаттық корпус жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, қалалық инфрақұрылымды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қоғаммен өзара байланысты нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.
Қызметтің негізгі қорытындылары
Норма шығармашылық қызмет.
VIII шақырылымның өкілеттік кезеңінде мәслихаттың 59 сессиясы өткізіліп, жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша 330 шешім қабылданды. Қала бюджетін қалыптастыру және нақтылау, халықты әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.
Бюджет және экономиканы дамыту.
Қала бюджетін қарау және нақтылау, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру басым бағыттардың бірі болды. Шағын және микробизнесті қолдауға бағытталған маңызды шешімдердің бірі – оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету болды.
Халықты әлеуметтік қорғау.
Депутаттар әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелерін қарастырды.
Қалалық инфрақұрылымды дамыту.
Автомобиль жолдарының жай-күйі, жолаушылар тасымалы, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тұрғын үй қорын күтіп ұстау, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болды.
Мәдениет, туризм және тарихи мұраны сақтау.
Ішкі туризмді дамыту, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, шығармашылық бастамаларды қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері қаралды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға ерекше орын берілді.
Халықпен кері байланыс.
Депутаттар азаматтарды қабылдап, тұрғындармен кездесулер өткізді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырды. Шақырылым басталғалы бері 460 ресми өтініш түсіп, өзекті мәселелер бойынша 269 депутаттық сауал жолданды. Олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, автомобиль жолдары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау және құрылыс салаларын қамтыды.
Ашықтық және қоғамдық қатысу.
Мәслихаттың қызметі, қабылданған шешімдер мен тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы халықты ақпараттандыру қамтамасыз етілді. Қоғаммен өзара іс-қимыл жалғасып, Семей қаласының жаңа Қоғамдық кеңесінің құрамы қалыптастырылды.
Тұрғындарға қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында бюджет қаражатын тартпай-ақ, 2GIS сервисінде мәслихаттың қызмет көрсету нүктесі іске қосылды.
Қайырымдылық және азаматтық жауапкершілік.
Депутаттар қайырымдылық акцияларына қатысып, мұқтаж отбасыларға, балаларға, қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетті. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдап, қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысты.
Қорытындылай келе, атқарылған жұмыстың әрбір бағыты тұрғындардың өтініштерімен, қоғамдық бастамалармен және Семей қаласын жайлы, көрікті әрі қарқынды дамып келе жатқан қалаға айналдыруға деген ұмтылыспен тығыз байланысты болды.Семей қаласының тұрғындарына сенім білдіргендері, белсенді азаматтық ұстанымдары, бейжай қарамай, өз ұсыныстарын білдіргендері үшін алғысымызды айтамыз!
Алда жергілікті өкілді орган қызметінің жаңа кезеңі күтіп тұр. Ашық диалог, бірлескен жұмыс және қала тұрғындарының алдындағы жауапкершілік қаламыздың одан әрі дамуының негізі болып қала беретініне сенімдіміз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.
Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 6–8 қазан аралығында Абай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқарудағы генеративті жасанды интеллект» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Аталған семинарға Семей қаласы мәслихаты аппаратының бас маманы Асель Абылкасымова қатысты.
Оқу барысында мемлекеттік басқару саласында генеративті жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері, жұмыс үдерістерін оңтайландыру, құжаттармен жұмыс істеу тиімділігін арттыру және заманауи цифрлық құралдарды тәжірибеде пайдалану мәселелері қарастырылды.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов мәслихат аппаратының ардагері Атабек Абдулғалымұлына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Айтулы күн Атабек Абдулғалымұлы үшін ерекше мәнге ие. Себебі Қарттар күнімен қатар, бүгін ардагердің туған күні де аталып өтуде.
Семей қаласы мәслихатының депутаттық корпусы атынан Атабек Абдулғалымұлына құттықтау адресі мен естелік сыйлық табысталып, ізгі тілектер білдірілді.
Атабек Абдулғалымұлы өмірінің талай жылын Семей қаласы мәслихатының жұмысына арнап, өз ісіне деген жауапкершілігі мен тиянақтылығын, еңбекке деген адалдығын көрсете білді.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген халық даналығы бар. Өнегелі өмір жолы мен ұзақ жылғы еңбегі арқылы Атабек Абдулғалымұлы бүгінде әріптестері мен кейінгі буынға үлгі боларлық қадірлі ардагерге айналып отыр.
Қос мереке иесіне зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен береке тілейміз! Шаңырағыңыздан шаттық пен молшылық арылмай, әрбір күніңіз қуанышқа толы болсын!
Қарттарымызға құрмет көрсету – ұрпақ парызы, өткенге тағзым мен болашаққа өнеге.
2026 жылғы 29–30 қыркүйекте Қарағанды қаласында «Архив ісі және архивтік құжаттаманы басқару саласындағы заңнамадағы және нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер» және «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге оқыту тақырыптарында семинар өтті.
Семинар жұмысына Семей қаласы мәслихатының бас маман-бухгалтері Лаура Мусина және іс жүргізу жөніндегі инспекторы Салтанат Баймұрзаева қатысты.
Семинар барысында қатысушылар архив ісі және архивтік құжаттаманы басқару саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерге енгізілген негізгі өзгерістермен танысып, семинардың пленарлық және секциялық бөлімдеріне қатысты. Сонымен қатар, «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқудан өтті.
Сондай-ақ «Е-Архив» ақпараттық жүйесін әдістемелік және техникалық сүйемелдеу, таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеуді ұйымдастыру мәселелері қаралып, семинар бағдарламасы аясында практикалық және ақпараттық іс-шаралар өткізілді.
Жеке кабылдау барысында Семей қаласы мәслихатының депутаты Жаныбек Кабдуллинге қала тұрғындары бала денсаулығына, қаржылай көмек керсетуге, автомобиль жолдарының жай-күйіне, «Жаяу жүргіншілер өткелі» жол белгісінің болмауына және қоқыс контейнерлерін басқа орынға ауыстыруға қатысты маселелер бойынша жүгінді.
Азаматтарды қабылдауға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілі бейнебайланыс аркылы катысты.
Барлык, өтініштер бойынша азаматтарға колданыстағы заңнама шеңберінде тиісті түсіндірмелер берілді. Қабылдау барысында кетерілген маселелер бақылауға алынды.
Бүгін Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықовтың төрағалығымен, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаевтың қатысуымен қалалық мәслихаттың 59-шы кезекті сессиясы өтті.
Сессия басталар алдында отырысқа қатысушылар Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Осы қайғылы оқиғаға байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Сессия жұмысына офлайн форматта 13 депутат және онлайн форматта 2 депутат қатысты. Сессияны өткізу үшін қажетті кворум қамтамасыз етілді.
Отырысқа сондай-ақ Семей қаласы прокурорының орынбасары, Семей қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да шақырылғандар қатысты.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген 13 мәселені қарады. Оның ішінде 2025–2026 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындылары және 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешімнің орындалуы, қаланың денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігі, 2026–2027 жылдардағы су тасқыны қаупі кезеңінен өтуге дайындық, Семей қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, Семей қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, мәслихат пен оның аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау мәселелері қаралды.
Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Бүгін Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықовтың төрағалығымен кезекті сессия қарсаңында мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев, мемлекеттік органдардың басшылары және жауапты мамандар қатысты.
Отырыста жылыту және су тасқыны кезеңдеріне дайындық, салық мөлшерлемелеріне қатысты шешімнің орындалуы, денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі, қала бюджеті мен даму жоспарына өзгерістер енгізу, терроризмге қарсы комиссия құрамын өзгерту, кондоминиум объектілерін басқаруға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері, әлеуметтік көмек көрсету қағидалары, мәслихат аппараты туралы ереже мен мәслихат регламентіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ шығып қалғандардың орнына сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау мәселелері қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері баяндама жасады.
Отырыс барысында депутаттар баяндамашыларды тыңдап, қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді көтерді, ұсынылған материалдарды жан-жақты қарап, ескертулер мен ұсыныстарын білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерді Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.
Семей қаласы мәслихатында өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы гибридті форматта өтті.
Отырыстың офлайн форматына депутаттар Асқар Абдуллин, Рауан Есмаганбетов және Ақмарал Мұрат қатысты. Ал депутат Жәнібек Қабдуллин отырысқа бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.
Отырыс барысында комиссия мүшелері қаланы жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге және су тасқыны қаупі бар кезеңнен қауіпсіз өтуге дайындыққа қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарады.
Атап айтқанда, күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және 2026–2027 жылдардағы қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындық барысы туралы;
2026–2027 жылдардағы су тасқыны қаупі бар кезеңнен өтуге дайындық барысы туралы.
Қаралған мәселелер бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Аман Хамитов және Семей қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Есен Қуантхан баяндама жасады.
Талқылау барысында депутаттар мен отырысқа шақырылған қатысушылар қаралған мәселелер бойынша пікір алмасып, тиісті ұсыныстарын білдірді.
Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша тұрақты комиссия оларды Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.