Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымының 2026 жылғы 31 наурыздағы 55 сессиясы

Қалалық  мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі   

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Семей қаласының мәслихаты  ШЕШТІ:

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

  1. Қала әкімінің 2025 жылғы өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі;
  2. Семей қаласының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебі туралы;
  3. Семей қаласы мәслихатының 2025 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есебі;
  4. Семей қаласында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат туралы;
  5. Семей қаласы бойынша 2026 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы.
Дата публикации
10 апреля 2026