Семей қаласының Қоғамдық кеңесі отырысының № 10 ХАТТАМАСЫ

Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысының

№ 10 ХАТТАМАСЫ

Семей қаласы                                                                2026 жылғы 5 ақпан
Абай көшесі, 97                                                              16:30

Төраға: Алтынбекова Г.К. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Хатшы: Виликс А.А. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің хатшысы.
Қатысқандар: Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Абай облысы Семей қаласының 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы мәселені қарау.
  2. Абай облысы Семей қаласының мәслихатының «2026 жылға Семей қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасын қарау.
  3. Абай облысы экология департаменті басшысының Семей қаласының ағымдағы экологиялық жағдайы және қоршаған орта мен халық денсаулығына теріс әсерді төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы ақпараты.
  4. Әр түрлі мәселелер.

 

  1. Семей қаласының 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы.

ТЫҢДАЛДЫ:
Алтынбекова Г.К. Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі Қоғамдық кеңеске 2025 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп ұсынғанын хабарлады.

БАЯНДАМАШЫ:
Жақыпбеков Қ.С. — Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы.

Кеңестің қорытындылары:
Бюджеттің кіріс бөлігі 107,6%-ға орындалған, бұл қаланың салықтық әлеуетінің артқанын көрсетеді. Негізгі үлес корпоративтік және жеке табыс салығы есебінен қамтамасыз етілген.        
Бюджеттің шығыс бөлігі 99,5%-ға орындалған, негізгі қаражат әлеуметтік маңызы бар салаларға — әлеуметтік көмекке, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, көлікке, мәдениетке, спортқа және білім беруге бағытталған.
Бюджеттік кредиттердің қайтарылу деңгейінің төмендігі (3,0%) атап өтілді, бұл бақылауды күшейтуді және кәсіпорындардың қаржылық сауықтыруын талап етеді.
Инвестициялық жобалар бойынша объективті себептермен игерілмеген қаражаттардың болуы жобалық басқаруды жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

Кеңестің шешімі:        
2025 жылға арналған Семей қаласының бюджетінің орындалуы туралы есепті шынайы және заңнама талаптарына сәйкес деп танылсын.  
Семей қаласының мәслихатына есепті назарға алуды және бекітуді ұсынылсын.

Ұсынымдар:

  1. Бюджеттің кіріс базасын нығайту бойынша жұмысты жалғастыру;
  2. Бюджеттік кредиттердің қайтарылуын бақылауды күшейту;
  3. Инвестициялық жобаларды іске асырудың және қаражатты игерудің тиімділігін арттыру;
  4. Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығын сақтау.
  5. 2026 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемелері.

ТЫҢДАЛДЫ:

Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі әзірлеген мәслихат шешімінің жобасы бойынша бөлім басшысы               Исажанов К.К.

Кеңестің қорытындылары:
Шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін 0% деңгейінде белгілеу ұсынылды.
Жобаны іске асыру бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді, кәсіпкерлердің шығындарын арттырмайды, халықаралық шарттарға қайшы келмейді және ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне әсер етпейді.
Жобаны қабылдау қаланың туристік тартымдылығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды.

Кеңестің шешімі:        
Семей қаласы бойынша 2026 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемелерін бекіту туралы мәслихат шешімінің жобасын қолдау.
Семей қаласының мәслихатына оны белгіленген тәртіппен қабылдау ұсынылсын.

  1. Семей қаласының экологиялық жағдайы.

ТЫҢДАЛДЫ:
Абай облысы экология департаментінің басшысының қазіргі кездегі қоршаған орта жағдайы және халық денсаулығына теріс әсерді азайтуға бағытталған қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы ақпарат.

Кеңестің шешімі:        
Ақпарат назарға алынсын.     
Экологиялық жағдайды бақылауды күшейтуді және қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жалғастыру ұсынылсын.

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің төрағасы                               Г. Алтынбекова

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                А. Виликс

Дата публикации
02 марта 2026