Семей қаласының Қоғамдық кеңесі отырысының
№ 9 ХАТТАМАСЫ
Семей қаласы, 2025 жылғы 24 желтоқсан
Абай көшесі, 97. 17:00
Төраға: Алтынбекова Г.К. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Қатысқандар: Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары.
КҮН ТӘРТІБІ:
ТЫҢДАЛДЫ:
Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынбекова Г.К., ол Қоғамдық кеңестің атына Абай облысы Семей қаласының «Экономика және қаржы бөлімі » ММ-нен Семей қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарының жобасын келісу туралы хат келіп түскенін хабарлады.
Жоба бойынша ақпаратты Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тәттібеков Болат Бауыржанұлы ұсынды.
Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Даму жоспарының жобасы кешенді әрі жүйелі сипатқа ие екенін, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, соның ішінде экономика, инвестициялар, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, экология, цифрландыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтитынын атап өтті.
Құжаттың құрылымы логикалық тұрғыдан дұрыс қалыптастырылғаны және жоспардың паспорты, қаланың даму көрінісі, ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау, проблемаларды, бәсекелестік артықшылықтар мен мүмкіндіктерді айқындау, сондай-ақ мақсаттар, міндеттер, индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері жүйесін қамтитыны атап өтілді.
Жоспардың мақсаттары мен міндеттерінің негізгі ұлттық индикаторлармен (НҰИ), нысаналы индикаторлармен және нәтиже көрсеткіштерімен нақты байланыстырылуы оң бағаланды, бұл оның іске асырылуын мониторингтеу мен тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Семей қаласының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау жан-жақты, дәлелді түрде және 2022–2024 жылдардағы статистикалық деректер негізінде ұсынылған. Төмендегілер объективті түрде көрсетілген:
• өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйі;
• инвестициялық белсенділік және шағын және орта бизнестің дамуы;
• жұмыспен қамту динамикасы және еңбек нарығының жағдайы;
• әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы (білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет);
• тұрғын үй құрылысының және жол инфрақұрылымының жай-күйі;
• экологиялық жағдай және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелері;
• қоғамдық қауіпсіздік деңгейі және төтенше жағдайлардан қорғау.
Сонымен қатар, келесі негізгі жүйелік проблемалардың айқындалуы оң бағаланды:
• инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымның жоғары тозуы;
• экологиялық тәуекелдердің болуы;
• демографиялық және көші-қон сын-қатерлері;
• жұмысшы мамандықтары кадрларының тапшылығы;
• қалдықтарды қайта өңдеу және ағынды суларды тазарту деңгейінің төмендігі;
• «ақылды қала» элементтерінің жетілу деңгейінің жеткіліксіздігі.
ТАЛҚЫЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
Шешім бірауыздан қабылданды.
Семей қаласының
Қоғамдық кеңесінің төрағасы Г. Алтынбекова